Балалар құқығын қорғау мақсатындағы балалар өкілдіктерінің іріктеу кезеңдері өтті

Қазақстан Республикасында балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі балалар өкілдіктерін құру жұмысы қолға алынды.

Балалар өкілдіктерін құрудың негізгі мақсаттары:

 1) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;

 2) балалардың қоғам мен мемлекет өміріне қатысуының өзекті проблемаларын шешуге жәрдемдесу;

3) балалардың, қоғамның және мемлекеттің игілігі үшін балалардың әлеуметтік бастамаларын және балалардың қоғамдық бірлестіктерін қолдау.

Осыған орай, барлық білім беру ұйымдарындағы балалар өкілдіктері белсенді және жауапты оқушылардың арасынан сайлау жолымен қалыптастырылды. 

Ең бірінші 1-30 қыркүйек аралығында мектепішілік кезең өткізілді. Алғашқы кезеңде балалар өкілдіктерінің құрамына қатысушы – кандидаттар туралы ақпарат, сондай-ақ олар ұсынған бағдарламалық тезистер мен әлеуметтік бастамалары қорғалды.

Мектепішілік кезеңнен өткендер аудандық кезеңге қатысты. 1-15 қазан аралығында қалалық, аудандық өкілдердің кандидаттары бекітілді. Қала бойынша мектептерден 128 оқушының кандидаты ұсынылды. Бұл кезеңде ұсынылған кандидаттардың бағдарламасы, ұсынымы қаралды.

Аудандық кезеңнен өткен мектеп оқушылары қалалық деңгейге жолдама алды.

Қорытындысы бойынша жеңіске жеткен оқушылар:

Алматы ауданы:

1. Кубекова Асель, №22 мектеп-гимназиясының  10-сынып оқушысы

2. Абитов Камаль, №37 мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы

3. Захаренко Руслан, №52 мектеп-гимназиясының 7- сынып оқушысы

4. Қожаахмет Балжан, №70 мектеп-лицейінің 10- сынып оқушысы.

Есіл ауданы:

1. Ардак Жанель, №59 мектеп-гимназиясының 10- сынып оқушысы

2. Кенжетай Каракат, №71 мектеп-лицейінің 7- сынып оқушысы

3. Нусузова Джамиля, №71 мектеп-лицейінің 7- сынып оқушысы

4. Саркитбай Ерсултан, №85 мектеп-лицейінің 9- сынып оқушысы

Сарыарқа ауданы:

1. Ракутин Александр №3 мектеп-гимназиясының  9- сынып оқушысы                                                                                                                2. Токтарова Карина №7 мектеп-гимназиясының 10- сынып оқушысы

3. Бекберген Камила №62 мектеп-лицейінің 9- сынып оқушысы

4. Қыдырбай Ғани, №65 мектеп-гимназиясының 11- сынып оқушысы.

Байқоңыр ауданы:

1. Мүбәрак Алмас, №4 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы

2. Толеутаева Калима, №10 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы

3. Нурмагамбетова Амина, №16 орта мектебінің 8-сынып оқушысы

4. Исмаилова Айша, №27 мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы.

15-25 қазан аралығында қалалық өкілдердің кандидаттары бекітіліп, іріктеудің үшінші кезеңі өтті. (аудандардың санына байланысты, әр ауданнан 1 өкіл).

Аудандық кезеңде ұсынылған балалардың қатысуымен конкурстық негізде өтті. 

Байқау 3 кезеңнен тұрды: 

  • «Тұлғалық таныстыру» (кандидаттың жеке басын таныстыру).
  • Кандидат бағдарламасының тұсаукесері.
  • Брифинг (кандидаттарға сұрақтар).

Іскерлік үш кезеңінің қорытындысы бойынша ең көп балл жинаған                4 үміткер республикалық өкілдікке ұсынылды.

Республикалық балалар өкілдігіне ұсынылған 4 оқушымызды құттықтаймыз!

1. Токтарова Карина №7 мектеп-гимназиясының 10- сынып оқушысы

2. Саркитбай Ерсултан, №85 мектеп-лицейінің 9- сынып оқушысы

3. Захаренко Руслан, №52 мектеп-гимназиясының 7- сынып оқушысы

4. Нурмагамбетова Амина, №16 орта мектебінің 8-сынып оқушысы

Қадамдарыңыз сәтті болсын! Іске сәт, жас достар!