Тоқсандық қортынды баға қалай қойылады?

15 қазанда Білім басқармасы басшысы Қадырова Шолпан Маратқызы «Қашықтан оқыту кезіндегі бағалау жүйесі туралы» брифинг өткізді.  Брифинг барысында қортынды баға,, сондай-ақ, бөлім және тоқсан бойынша жиынтық бағалардың қалай қойылатыны  айтылды. 

Тоқсандық қортынды баға –  қалыптастырушы бағалау (ҚБ), бөлім бойынша бағалау (БЖБ) және тоқсан бойынша бағалау (ТЖБ) нәтижелері негізінде, оқушылардың тоқсан ішіндегі оқу жетістіктерін ескеріліп, балдар қойылады.

Қалыптастырушы бағалау кезінде мұғалім күн сайын журналда оқушылардың оқу жетістіктерінің прогресін Кунделік электронды журналында тіркеп отырады. Қалыптастырушы бағалау үшін ең жоғары балл 10 балдан аспайды. 

Бұл ретте 1 балдан 3 баллға дейін төмен көрсеткішті білдіреді(10% – дан 30% – ға дейін). Осындай бағалау оқушы  қателіктер жіберіп, мұғаліммен кері байланыстан кейін  қорытынды жасамай, тапсырмаларды өз бетінше орындай алмаған жағдайда қойылады.

Ал 4-7 балл аралығы – орта деңгейді білдіреді (40%-дан 70% – ға дейін). Бұл бағалау оқушы қандай да бір қателіктер жібергенде, тапсырмаларды кейде өз бетінше орындауға қиындықтар туындағанда қойылады. 

8-10 балл – жоғары деңгейді көрсетеді (80% – дан 100% – ға дейін). Бұл жағдайда оқушы тапсырмаларды орындау кезінде шамалы дәлсіздіктер жасауы мүмкін, өз бетінше тапсырмаларды орындай алады, түсіндіре алады, және жауаптарын негіздей алады. 

Осылайша, тоқсандық бағалау –  қалыптастырушы бағалаудың орташа баллы, бөлім және тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың нәтижелері негізінде, тиісінше қалыптастырушы бағалау үшін 25%, бөлім бойынша жиынтық бағалау үшін 25% және тоқсан бойынша жиынтық бағалау үшін  50% пайыздық арақатынаста қойылады. 

Брифингте басқарма басшысы ата-аналарды оқу процесіне белсене қатысуға шақырып, Күнделік электронды журналындағы бағалар мен оқу тапсырмаларын қадағалауды сұрады.