Елордалық үздік педагогтар анықталды

Бүгін қалалық «Үздік педагог- 2020» байқауының қортындысы бойынша марапаттау рәсімі өтті. 

Қалалық «Үздік педагог- 2020» байқауына Нұр-Сұлтан қаласы бойынша білім беру ұйымдарынан 89 педагог қатысты.  Байқау қорытындысы бойынша 23 педагог үздік атанып, олардың ішінде 10 педагог түрлі номинацияларға ие болды.

Марапаттау рәсімінде Білім басқармасының басшысы Қадырова Шолпан Маратқызы елордалық ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтап,  мемлекет тарапынан педагогтар мәртебесін көтеру жолында жасап жатқан жұмыстарды  атап өтті. 

“… Ұстаз өзінің пәнін ғана беріп қоймай,  тұтас ұлтты тәрбиелейтін тұлға.  Сіздер қоғамның іргетасын қалаушы мамансыздар.  Сіздердің еңбектеріңіз адамзатқа ауадай қажет.  Сондықтан бұл марапат сіздердің алдағы уақытта дамуларыңызға,  кәсіби тұрғыдан өсулеріңізге ықпал жасайды деп сенемін…”- деді басқарма басшысы өз сөзінде. 

rbt
rbt

Үздік педагогтар үш бағыт бойынша,  яғни мектепке дейінгі білім беру,  техникалық және кәсіптік білім беру және орта білім беру ұйымдары бойынша анықталды. 

Үздік нәтиже көрсеткен 23 педагог 100 000 мың теңгеден 1 745 000 теңгеге дейінгі ақшалай сертификаттарға ие болды.