Ұстазын ұлықтаған ел озар

Елордада 17 мыңнан астам педагог қызмет етуде. Олардың әрқайсысы білім алушылардың болашағы үшін қызмет етуде. Қала әкімдігі педагогтардың мәртебесін көтеру, әлеуметтік қолдау көрсету сияқты мәселелерді шешу үшін жоспарлы түрде жұмыс атқаруда.

Бүгін Елорда әкімі Алтай Көлгінов педагогтарды кәсіби мерекесімен құттықтады. Алғаш рет қала басшысы атынан “Нұр-Сұлтан қаласының құрметті педагогы” медалінің иегерлеріне 833 мың теңге сертификаты табысталды. Сонымен бірге үздік білім беру ұйымдары анықталып, 9 млн теңгеден әкім гранты берілді.

Елордалық педагогтарға “Халық алғысы”, “Еңбек ардагері” медальдары, “Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері” және Білім және ғылым министрлігінің “Ы.Алтынсарин” төс белгілері, грамоталар және т.б. табыс етілді.

Барлық марапат иелерін құттықтаймыз!