Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 36 «Балапан» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнын құру туралы

01.10.2020

Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексі 42-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 124, 125-баптарына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 36 «Балапан» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – Кәсіпорын) құрылсын.

2. «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Кәсіпорны басқаруды жүзеге асыратын орган болып белгіленсін.

3. Кәсіпорынның басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Б.М. Мәкенге жүктелсін.

 

 

Әкім — А.Көлгінов

Әкімнің орынбасары — Б.Мәкен

«Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің
аппараты» мемлекеттік мекемесі
мемлекеттік-құқықтық
бөлімінің басшысы — Ж.Шәукентаев

«Нұр-Сұлтан қаласының
Экономика және бюджеттік
жоспарлау басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы — Қ.Маңқараев

«Нұр-Сұлтан қаласының
Білім басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің басшысы — Ш.Қадырова