Жоба
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің
«№ 17 «Ер-Төстік» балабақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық
кәсіпорнын құру туралы
Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексі 42-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 124, 125-баптарына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 17 «Ер-Төстік» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – Кәсіпорын) құрылсын.
- «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Кәсіпорны басқаруды жүзеге асыратын орган болып белгіленсін.
- Кәсіпорынның басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Б.М. Мәкенге жүктелсін.
Әкім А. Көлгінов
Әкімнің орынбасары Б. Мәкен
«Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің
аппараты» мемлекеттік мекемесі
мемлекеттік-құқықтық
бөлімінің басшысы Ж. Шәукентаев
«Нұр-Сұлтан қаласының
Экономика және бюджеттік
жоспарлау басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы Қ. Маңқараев
«Нұр-Сұлтан қаласының
Білім басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің басшысы Ш. Қадырова
28.09.2020