Ата-аналардан тарапынан жиі қойылатын сұрақтар:

  • • Мемлекеттік балабақшаға жолдама алу үшін кезекке қалай тұрамын?

Мектепке дейінгі ұйымдарға жолдама кезектілікке сәйкес беріледі. Балаларды кезекке қою және жолдама беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нысаны электрондық болып табылады (яғни толық автоматтандырылған). 

Демек, балабақшаға жолдама алу қызметі баланың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне жеке кабинет арқылы ғана қолжетімді екенін білдіреді. 

Мектепке дейінгі ұйымға жолдама алу үшін өтініш беруші e.astana.kz/indigo24.kz. порталы арқылы мемлекеттік қызметті пайдалануы тиіс. 

Бұл үшін өтініш беруші: 

  • Мектепке дейінгі ұйымға кезекке қою үшін e.astana.kz/indigo24.kz. сайтында өтініштің электрондық нысанын толтыру; 
  • Өтініш беру туралы хабарлама алу;
  • Кезек нөмірін беру туралы хабарлама алу.

Осы қызметті e.astana.kz/indigo24.kz порталы арқылы алу үшін баланың ЖСН нөмірі, ата-анасының (немесе заңды өкілінің) екі ұялы телефонынның нөмірі міндетті түрде болуы қажет. Сондай-ақ заңды өкілдің құқықтарын және мектепке дейінгі ұйымда орын алуға жеңілдіктердің болуын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелерін жүктеу қажет. 

  • Неліктен кезек алға емес, артқа жылжиды?

Қолданыстағы заңнамаға және мектепке дейінгі білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету ережелеріне сәйкес кезек нөмірі тек алға ғана емес, артқа да жылжи алады. Артқа жылжу бірнеше себептерге байланысты болуы мүмкін. Алайда, ең жиі кездесетіні – кезекте азаматтардың басым санаттарының пайда болуы, яғни жеңілдігі бар тұлғалар:

– кезектен тыс: 

әскери қызметшілердің, оның ішінде қызмет өткеру кезінде қаза тапқандар, қайтыс болғандар немесе хабар-ошарсыз кеткендердің балалары; 

арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, оның ішінде қызмет өткеру кезінде қаза тапқандар, қайтыс болғандар немесе хабар-ошарсыз кеткендердің балалары.

– бірінші кезекте: 

заңды өкілдері мүгедек болып табылатын; 

ата-анасының қамқорлығынсыз қалған; 

жетім; 

көп балалы отбасылардан шыққан; 

ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалар; 

Жеңілдіктердің осы санаттары “бір-үшке” арақатынасына жолдама алады. Яғни, жеңілдік санатындағы бір өтініш беруші жалпы негіздегі үш өтініш берушінің алдына кезекке тұрады. 

Сондай-ақ кезектің ұлғаюы өз мүдделілігін бұрын растамаған өтініш берушілердің тоқтау-парағынан шығып, өз кезегіндегі позицияларына оралуымен байланысты болуы мүмкін.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына қатысты сұрақтарыңызды 55-68-74 нөмеріне хабарласып біле аласыздар.