ҰСЫНЫМДАРЫ

«Қазақстан Республикасында балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі балалар өкілдіктері»
балалар қозғалысын құру және дамыту мәселелері жөніндегі
Республикалық семинар-кеңестің
ҰСЫНЫМДАРЫ

білім беру қызметкерлерінің 
республикалық тамыз кеңесі шеңберінде

“Қазақстан Республикасында балалардың құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі балалар өкілдіктері” балалар қозғалысын ұйымдастыру мәселелері жөніндегі республикалық семинар-кеңеске қатысушылар Қазақстан Республикасында балалардың құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі балалар өкілдіктерін құрудың өзектілігі мен қажеттілігі мәселелерін, осы саладағы халықаралық және отандық жұмыс тәжірибесін, сондай-ақ осындай міндетті іске асыру үшін барлық қажетті ресурсты талқылады.

Республикалық семинар-кеңестің қорытындысы бойынша қатысушылар:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне:

  • Қазақстан Республикасында балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша балалар өкілдіктерін құру жөнінде оқыту семинар-тренингін өткізуді (мерзімі 2020 жылғы қазан айы);
  • Қазақстан Республикасында балалардың құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі балалар өкілдіктерінің қызметін ұйымдастыру кезінде уақтылы әдістемелік қолдау көрсету (мерзімі: үнемі);
  • Осы бағыттағы жұмысты іске асыруға мүдделі ҮЕҰ тарту (мерзімі: үнемі);

Облыстардың, Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларына:

  • Қазақстан Республикасында балалардың құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі балалар өкілдіктерінің қызметін ұйымдастыруды қамтамасыз ету  (Мерзімі: 2020 жылғы қыркүйек);
  • Білім беру ұйымдарының басшыларын “Қазақстан Республикасында балалардың құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі балалар өкілдіктерінің жұмысы туралы” ережемен таныстыру (мерзімі: 2020 жылғы қыркүйек);

Қазақстан Республикасының Білім беру ұйымдарына

  • Республиканың білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасында балалардың құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі балалар өкілдіктерінің жұмысын қамтамасыз ету кеңесін береді.