Колледж студенттер қалай білім алуда?

Бүгінгі таңда елордада 33 техникалық және кәсіптің білім беру ұйымдары жұмыс істейді. Онда 26 мыңнан астам студент білім алуда. Колледждерде оқу процесі білім беру технологияларын пайдалана отырып, қашықтан оқыту форматында жүргізіледі. Зертханалық және практикалық сабақтар, өндірістік оқыту және кәсіптік практика кейінгі мерзімдерге ауыстырылады.

Оқу процесі Platonus, Edu page, Zoom, MS Teams, Google meet, Cisco Webex Meltings, Google Classroom, Moodle, Sova платформаларын пайдалана отырып, белгіленген оқу жүктемесіне, жұмыс оқу жоспарына, оқу бағдарламаларына, оқу процесінің кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.

Оқу үдерісін ұйымдастыру үшін қашықтан білім беру ұйымдарын пайдалана отырып, Нұр-сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығы кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарының 882 педагогіне арналған «Stepik» білім беру платформасында “Цифрлық педагогика: оқыту және практика”  тақырыбында онлайн-оқыту өткізуде.

Интернет-ресурстарда жалпы білім беретін пәндер бойынша 5 511 бейне-сабақ, арнайы пәндер бойынша 4 683, 27 746-дан астам практикалық тапсырма әзірленіп, орналастырылды.

Сондай-ақ, басқа қаладан келген, компьютерлері және интернеті жоқ студенттерге жатақханадан орын беріліп, компьютерлік техникамен қамтамасыз етіледі. Бүгінгі таңда 182 студент колледж жатақханаларына орналастырылды, онда қашықтықтан оқыту үшін барлық жағдайлар жасалған.