Білім беру платформалары туралы

 

Елордалық мектептерде қашықтан оқытуды жүзеге асыру үшін синхронды және асинхронды сабақтарды өткізу мүмкіндігі бар Bilimland (OnlineMektep) және DarynOnline отандық интернет платформалары пайдаланылады.

Bilimland (OnlineMektep) – оқушы, мұғалім және ата-аналармен тығыз қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беретін қашықтықтан оқыту жүйесі. Сабақ кестесі, тапсырмалар порталға жүктеледі. Оқушылар платформаға кіріп қажетті тақырыпты таңдайды, сонымен қатар сабақтың конспектісімен таныса алады. OnlineMektep.org-тың мазмұны  мектеп пәндері бойынша 100 000-нан астам жаттығулары бар 5700 сабақтан тұрады.  Бүгінгі таңда 62 мектеп келісім-шарт жасап, осы платформада белсенді жұмыс істеуде.

 

Daryn.online — қашықтықтан білім беруге арналған платформа. Бұнда оқушылардың деректерін хакерлік шабуылдардан қорғаудың жоғары дәрежесін растайтын халықаралық сертификат бар. Daryn.online-ның мазмұны 6500 сабақ пен 65 000 тест тапсырмаларын қамтиды. Бүгінгі таңда 40 мектеп келісім шартқа отырды.

Сондай-ақ, барлық білім беру ұйымдарының педагогтары мен оқушылары MicrosoftTeams бағдарламасын тегін пайдалана алады.

MicrosoftTeams — бұл онлайн кездесулер, ортақ чаттар, басқа да қосымшалар, сондай-ақ, файлдармен бөлісу және бірлескен жұмысты қамтитын корпоративтік платформа. Платформа Zoom, GoogleDocs, Slack, Trello және басқа құралдарды алмастыра алады. Сонымен қатар, жұмыста қолданған қосымшалардың көпшілігін MicrosoftTeams-ке біріктіруге болады.

MicrosoftTeams қауіпсіздіктің жоғары деңгейін, ақпарат пен деректердің қауіпсіздігін, егжей-тегжейлі аналитика мен үлгерім есептерін түсіруді, кестені реттеуге арналған күнтізбені, бор тақтасының сандық аналогын және нақты сыныптағы сияқты қолды көтеру функциясын ұсынады. MicrosoftTeams оқу процесін бақылау, рөлдерді және қол жеткізу құқықтарын басқаруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, инклюзивті білім беру үшін де арнайы функционал да қарастырылған.