Нұр-Сұлтан қаласының білім саласындағы кейбір мемлекеттік білім беру ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы

Қаулы жобасы

 

Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің 45, 46-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңы 134-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Нұр-Сұлтан қаласының мынадай бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру мемлекеттік ұйымдары:

1) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шәкәрім атындағы № 56 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шәкәрім атындағы № 56 мектеп-лицей» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (1-қосымша); 

2) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Ілияс Жансүгіров атындағы № 58 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Ілияс Жансүгіров атындағы № 58 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (2-қосымша); 

3) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 71 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 71 мектеп-лицей» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (3-қосымша); 

4) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 77 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 77 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (4-қосымша); 

5) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 79 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 79 мектеп-лицей» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (5-қосымша); 

6) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Сәкен Сейфуллин атындағы № 80 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Сәкен Сейфуллин атындағы № 80 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (6-қосымша); 

7) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 83 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 83 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (7-қосымша); 

8) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шейх Халифа бен Заид әл-Нахаян атындағы № 84 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шейх Халифа бен Заид әл-Нахаян атындағы № 84 мектеп-лицей» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (8-қосымша) болып қайта ұйымдастырылсын.

2. «Нұр-Сұлтан қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте тапсыру актісін осы қаулының 1-тармағында көрсетілген қосымшаларға сәйкес бекітсін.

3. Кәсіпорындардың басшылары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Б.М. Мәкенге жүктелсін. 

 

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А. Көлгінов
Әкімнің орынбасары Б. Мәкен

«Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің 
аппараты» мемлекеттік мекемесі
мемлекеттік-құқықтық
бөлімінің басшысы Ж. Шәукентаев 

«Нұр-Сұлтан қаласының 
Білім басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің басшысы Ш. Қадырова