ЕЛОРДАЛЫҚ МЕКТЕПТЕР КЕЗЕКШІ СЫНЫПТАРДЫ ҚАБЫЛДАУҒА ДАЙЫН

Бүгін елордалық мектептердің кезекші сыныпты қабылдауға дайындық барысымен танысу үшін  Әлихан Бөкейхан атындағы №76 мектеп-лицейде БАҚ өкілдеріне арналған пресс-тур ұйымдастырылды.

Алдағы оқу жылы қашықтан оқыту форматында  басталатыны белгілі. Тек бастауыш сыныптар үшін ата-аналардың өтініші негізінде  «кезекші сыныптар» жұмыс істейтін болады. Қазіргі таңда Елордалық мектептер кезекші сыныптар үшін өтініштер қабылдауда. Қала бойынша бастауыш сыныптарда 82 мыңнан астам оқушы болса, оның 50% кезекші сыныпта оқуға өтініш білдірген. Кезекші сыныпқа өтініш қабылдау әлі де жалғасуда. Мектептерде бала саны  15–тен аспайтын кезекші сыныптар құрылады.

Шара барысында мектеп басшысы Сапура Тулекова журналистерге мектептің санитарлық қағидаларға сай жасақталғанын көрсетіп, кезекші сыныптардың қалай жұмыс істейтінін айтып өтті. 

«№76 мектеп-лийде 32 кезекші сынып құрылды. Бұл  сыныптарда бала саны 15 тен аспайды. Аптасына үш күн офлайн, қалған екі күн қашықтан оқиды. Сабақтың ұзақтығы 40 мин, күніне 3,4 сабақ өтеді. “Бір сынып- бір мұғалім” қағидасы қатаң сақталады. Яғни, бастауыш сыныптар сынып жетекшісі өтетін пәндерді мектепте оқып, қалғанын онлайн режимде өтетін болады. Біз үшін балалардың және педагогтарымыздың денсаулығы  бірінші орында, сол үшін санитарлық шаралар қатаң сақталады. Әр сыныптың үзіліс уақыттары да әртүрлі.  Әрбір екінші сабақтан кейін ылғалды  жинау, сынып бөлмесін желдету жүргізіледі. Сабақ аяқталғаннан кейін сынып бөлмесі кварцталады. Мектеп дезинфекциялық туннельмен, кварцпен, тепловизормен, маскамен және дезинфекциялық құралдармен толық қамтамасыз етілді», – деп атап өтті мектеп басшысы. 

Елордалық барлық мектептер кезекші сыныптар үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен қаулыға сәйкес барлық санитарлық шараларды қатаң сақтай отырып, (дизинфекциялық туннель, арақашықтық сақтау үшін арнай белгілер, дизинфекциялық залалсыздандырғыш құралдар орнату)жұмыс істейді.  Бұл ретте ата-аналар да  коронавирустық инфекцияны жұқтыру қаупін болдырмау үшін барлық қажетті шараларды қамтамасыз ету қажет. (маскалар, қолғаптар, қолды зарарсыздандыруға арналған жеке антисептик немесе бактерияға қарсы дымқыл сүзгіштер)