“Мектепке жол” республикалық қайырымдылық акциясы аясында әлеуметтік осал топтағы балаларға көмек көрсетіледі

“Менің Атамекенім” порталында “Мектепке жол” платформасы жұмыс істейді. www.atamekenim.kz сайтына ата-аналар өтініш қалдыра алады. Бұл платформа көмекке мұқтаж адамдар мен қайырымдылық жасаушылар арасындағы тікелей байланысты қамтамасыз етеді.

Қазіргі уақытта Нұр-сұлтан қаласы бойынша порталда 3 629 өтінім тіркелген, кезектілікке сәйкес меценаттар, бизнесмендер отбасыларға көмек көрсетуде. Басқарма мұқтаж балалардың тізімін қалыптастырып, демеушілер мен меценаттарды тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ, төмендетілген бағамен мектеп жәрмеңкелері жоспарланды.

Биыл акцияны мемлекеттік органдар, “Нұр Отан” партиясы, Aktau Tourizm City Ltd компаниясы, Bilim Foundation ҚҚ, “Алтын Адам ЖК “Сара”, Республикалық физика-математика мектебінің ата-аналар комитеті қолдады.

Ағымдағы жылдың 5 тамызынан 15 қыркүйекке дейін “Аймақ-Тау” СҮ тұрақ аймағында (Сейфуллин көшесі, 45/1) күнделікті мектеп жәрмеңкесі өткізіледі, оған 25-ке жуық кәсіпкер қатысады, мектеп формасының, кеңсе тауарларының, балалар мен жасөспірімдер аяқ киімдерінің, мектеп сөмкелердің кең таңдауы ұсынылған.

Сондай—ақ, 24-31 тамыз аралығында сағат 10.00-ден 19.00-ге дейін Ш.Қосшығұлұлы 14 мекен жайында 5 сауда шатырлары орналастырылып, кеңсе тауарлары мен мектеп формасын сату жәрмеңкесі өтеді.