Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының барлық мектептерінде бірыңғай сынып сағаттары өтуде

Жаңа оқу жылының басталуына аз ғана уақыт қалды. Елордалық мектептер оқушылардың білім алуы мен қауіпсіздігі үшін дайындық жұмыстарын жүргізуде. Бүгінгі сынып сағаттарында әр сыныптың жетекшісі оқушыларға алдағы оқу жылының қалай өтетіні туралы баяндады. Күн тәртібінде жаңа оқу жылындағы оқу форматтары, қашықтан оқыту процесі жүргізілетін интернет-платформасымен танысу, мен және менің денсаулығым, жаңа оқу жылында оқушылардың оқу жетістіктері қалай бағаланады, интернетте жұмыс істеу ережелері сияқты сұрақтар талқыланды.

Алдағы оқу жылы қашықтан оқыту форматында басталатыны белгілі. Тек бастауыш сыныптар үшін ата-аналардың өтініші негізінде «кезекші сыныптар» жұмыс істейтін болады. Қазіргі таңда Елордалық мектептер кезекші сыныптар үшін өтініштер қабылдауда. Кезекші сыныпқа өтініш қабылдау 24 тамызға дейін жалғасады. Алдағы аптада бала саны 15 –тен аспайтын кезекші сыныптар құрылады. Ал оқу басталғаннан кейін тоқсан ішінде кезекші сыныпқа келгісі келетін оқушылар сыныпта орын болған жағдайда келе алады.

Кезекші сыныптар дәстүрлі түрде мектепте оқу үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен қаулыға сәйкес барлық санитарлық шаралар қатаң сақталады (дизинфекциялық туннель, арақашықтық сақтау үшін арнай белгілер, дизинфекциялық залалсыздандырғыш құралдар орнату). Бұл ретте ата-аналар да коронавирустық инфекцияны жұқтыру қаупін болдырмау үшін барлық қажетті шараларды қамтамасыз ету қажет. (маскалар, қолғаптар, қолды зарарсыздандыруға арналған жеке антисептик немесе бактерияға қарсы дымқыл сүзгіштер). Сабақтың ұзақтығы 40 минуттан, күніне 3-4 сабақ өтеді. Сабақтар арасындағы үзілістер әр сыныпта әр түрлі уақытта болады.

Сонымен қатар, сынып сағатында қашықтан оқыту форматының қалай жүзеге асатыны туралы талқыланды. Сабақтар интернет-платформаларда 30 минутқа дейін болады. Оқушы стриминг режимінде сабаққа алдын-ала дайындалу керек. Техникалық проблемалар туындаса немесе тікелей трансляциялау мүмкін болмаған жағдайда мұғалім сабақты асинхронды форматқа ауыстырады. Мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыс электрондық журналдық мүмкіндіктері арқылы және қолжетімді байланыс түрлерлі арқылы жүзеге асады. Қашықтан оқыту кезінде сабақтың жазбасы сақталып, оқушы кез-келген уақытта пайдалана алады.

Оқу форматына қарамастан «Балапан» арнасында қазақ тілінде және «Ел-Арна» арнасында орыс тілінде оқитын оқушыларға дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін қосымша білім беру ресурсы ретінде телевизиялық сабақтар көрсетіледі. Телевизиялық сабақтар теледидар эфирінде, әлеуметтік желілерде жарияланған кестеге сәйкес өткізіледі.Телевизиялық сабақтардың ұзақтығы 10-нан 15 минутке дейін. Телевизиялық сабақтар жаңа тақырыптың негізгі тұстарын түсіндіруге арналған. Телевизиялық сабақтар ҚР Білім және ғылым министрлігінің online.edu.kz ресми арналарында тегін қолжетімді болады.

Сондай-ақ, сынып сағатында мұғалімдер оқушыларға күн тәртібін сақтау, дұрыс тамақтану, инфекцияны жұқтырмаудың жолдары, жалпы денсаулықты сақтаудағы басты қағидалары туралы түсіндірді. Оқу форматына қарамастан әр оқушы қарапайым санитарлық нормаларды сақтап, жауапкершілікті сезіне білуі маңызды.