ПРЕСС-РЕЛИЗ

Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасымен «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім бар кадрларды даярлауға 2020-2024 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қаулысының жобасы әзірленді.
Мамандарды даярлау үшін мемлекеттік білім тапсырысының қалыптасуына қаланың еңбек нарығында мамандардың қажеттілігі негіз болып табылады.

Қаулы жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған www.legalacts.egov.kz.

Осыған орай, 2020 жылғы 18 тамызда сағат 16:00-де Бейбітшілік к-сі, 11 бойынша Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасының 711 кабинетінде аталған жобаларға реттеушілік әсерді талдау нәтижелеріне қоғамдық талқылау өтеді.