Жоғары білімнің білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін оқуға түсуші жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) қабылдау комиссиясына немесе ақпараттық жүйе арқылы жоғары білім алу үшін 10-20 тамыз аралығында және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу үшін 24 тамыз – 2 қыркүйек аралығында құжаттарды тапсырады:

1) белгіленген үлгідегі бланкіде өтінішті;

2) білімі туралы құжатты (құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде төлнұсқа);

3) ҰБТ сертификатын (құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде); 

4) “Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) 086-У нысаны бойынша медициналық анықтаманы;

5) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін тапсырады. 

Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде ЖЖОКБҰ-ның тілдік даярлықты күшейтуге арналған даярлық бөлімдерін бітірген тұлғалар ЖЖОКБҰ-ның ректоры қол қойған бітіргені туралы транскрипт ұсынады.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және тиісінше мамандық бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар тұлғалар қосымша мына құжаттардың біреуін тапсырады:

1) еңбек кітапшасы;

2) ұйымның мөрімен (егер бар болса) куәландырылған жұмыс берушінің қолы қойылған қызметтік тізім (қызметкердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі);

3) қызметкердің еңбек қызметі туралы ақпарат көрсетілген архивтік анықтама;

4) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы үзінді және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан алынған әлеуметтік аударымдар туралы мәліметтер;

5) жұмыс беруші тоқтатылу күні мен негіздемесі туралы белгі қойған еңбек шарты;

6) жұмыс берушінің актілерінен еңбек шартын жасасу және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауы мен тоқтатылуын растайтын үзінділер;

7) жұмыскерлерге жалақы төлеу ведомосынан үзінділер.

Жоғары білімнің білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін оқуға түсуші өтініште өзі таңдаған жоғары білімнің беру бағдарламаларының тобын және ЖЖОКБҰ-ны көрсетеді.

Бейіндік пәндер сәйкес келген жағдайда, оқуға түсуші білім беру бағдарламаларының төрт тобына дейін көрсете алады.

Жоғары және жоғары оқу орнынан

кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға 2020-2024 оқу жылдарына арналған мамандықтар бөлінісінде күндізгі бөлімде оқытатын жоғары оқу орындарының тізбесі

ЖОО атауы Мамандықтар Жоғары білім бойынша бөлінген мемлекеттік білім беру тапсырысы
Жоғары білім
1. «Астана» халықаралық университеті жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту 50
Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі 50
Орыс тілі мен әдебиеті 30
Математика  40
Шетел тілі: екі шет тілі 105
Информатика 40
Педагогика және психология 20
Физика  20
Химия 25
Биология  25
География 20
Гуманитарлық пәндер 20
саны 445
2. «Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті» Исламтану 2
Дінтану 1
Теология 10
саны  13
Жоғары білім саны: 458
Жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм
1. «Астана» халықаралық университеті жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Педагогика және психология 5
Математика 5
Физика 5
Информатика 5
Химия 5
Биология 5
География 5
Шетел тілі 5
Саны 40
2. «Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті» Исламтану

(магистратура)

2
Саны  2
3. «Астана медицина университетінің Түлектер қауымдастығы» ҚБ Отбасылық медицина 69
Педиатрия 20
Акушерия және гинекология, оның ішінде балалар акушериясы және гинекологиясы 15
Анестезиология және реаниматология, оның ішінде балалар анестезиологиясы және реаниматологиясы 35
Жұқпалы аурулар, оның ішінде балалардың жұқпалы аурулары 35
Неврология, оның ішінде балалар неврологиясы 10
Ревматология, оның ішінде балалар ревматологиясы 10
Пульмонология, оның ішінде балалар пульмонологиясы 25
Офтальмология, оның ішінде балалар офтальмологиясы 10
Оториноларингология, оның iшiнде балалар оториноларингологиясы 10
Неонатология 12
Жедел және шұғыл медициналық көмек 20
Физикалық медицина және оңалту 12
Психиатрия, оның ішінде балалар психиатриясы 10
Саны  293
Жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм саны: 335
Жалпы саны: 793