Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін инвесторлардың қызығушылықты білдіретін сұрау

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасының жалпы білім беретін мектептерінің спорт алаңдарын сенімді басқаруға беру» жобасын жоспарлауға әлеуетті жеке әріптестерді тарту мақсатында МЖӘ тетігін қолдана отырып, осы жобаны іске асыру нұсқаларын жинау үшін әлеуетті жеке әріптестердің қызығушылықты білдіретін сұрау туралы хабарлайды.

Жобамен алдын ала Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасының жалпы білім беретін мектептерінің (№15, №16, №18, №27, №30) спорт алаңдарының аумағын кейіннен жыл бойғы пайдаланумен көпфункционалды жабық спорт алаңдарын салу және пайдалану үшін сенімді басқаруға беру жоспарлануда. 

Спорт алаңдарының алдын ала параметрлері:

– ғимарат бір қабатты және жоспарда 24.0*48,0 м өлшемдерді иеленеді;

– тамбур – 3,3 м. ш.;

– вестибюль – 22 м. ш.;

– киім шешетін бөлмелер (ер балалар мен қыз балаларға арналған) – 10,2 м. ш. және 12,4 м.ш.;

– спорт залы – 100,5 м. ш.;

– мед. пункт – 6,3 м. кв.;

– жаттықтырушылар бөлмесі – 8,3 м. ш.;

– жылу торабы – 3,2 м. ш.;

– себезгі бөлмелері ер балалар мен қыз балаларға арналған – 4,0 м. ш.-дан;

– дәретхана ер балалар мен қыз балаларға арналған – 1,7 м. ш.-дан.

Жобаны іске асыру кезеңі МЖӘ шартымен айқындалатын болады.

Осы жобаға қызығушылықты білдіретін сұрау бойынша ұсыныстарды мына мекенжай бойынша ұсыну қажет: Нұр-Сұлтан қ., Бейбітшілік к-сі, 11, 7 қабат, 713 каб.

Ұсыныстарды ұсыну мерзімі: осы сұрау жарияланған күннен  бастап 30 күнтізбелік күн (12.09.2020 ж). 

Толығырақ ақпаратты «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» ММ-де 8 (7172) 55-74-55 телефоны бойынша және «AstanaInvest» қалалық инвестицияларды дамыту орталығында 8 (7172) 64-72-12 телефоны бойынша Асхат Шариповтан алуға болады.