«Қауіпсіз мектеп ортасы» республикалық акциясын ұйымдастырылуы және өткізу

Басталуы: 2020 жығы 10.08 – 25.09 аралығында

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша білім беру ұйымдарында 2020 жылғы 10 тамыз – 25 қыркүйек аралығында «Қауіпсіз мектеп ортасы» акциясын өткізу жарияланды.

Акцияның негізгі мақсаты балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және профилактикалық қауіпсіздік шараларын жетілдіру.

Қатысушылар мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар, оқушылар мен жастар, мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері, педагогикалық, ата-ана, шығармашылық қоғам өкілдері, үкіметтік емес БАҚ ұйымдары және т. б.

Ішкі істер органдарының, өрт сөндіру қызметтерінің, денсаулық сақтау органдарының қызметкерлерімен, ата-аналар жұртшылығымен бірлесіп әртүрлі іс-шаралар онлайн түрде ұйымдастырылады және өткізіледі (қауіпсіздік сабақтары, вебинарлар, флэшмоб, байқаулар).