2020-2021 оқу жылына қабылдау комиссиясының жұмысы

11.08.2020 жылы сағат 15:00-де Нұр-Сұлтан қаласы политехникклық колледжінде 2020-2021 оқу жылына талапкерлерді қабылдау ережесіне сәйкес колледждің Қабылдау комиссиясының жұмысы таныстырылды.

Іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты М.Е. Шекенов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агентігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Департаментінің басшысының бірінші орынбасары Ж.Ж.Жылқышиева, Нұр-Сұлтан қаласы Білім Басқармасы Басшысының орынбасары Р.А. Имангазинова қатысты.

Политехникалық колледждің директоры Қ.Сенғазыев Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы № 578 бұйрығымен бекітілген “Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына” сәйкес жүргізіліп жатқан колледждің қабылдау комиссиясының жұмысын таныстырып өтті.

Еліміздегі карантиндік жағдайға байланысты, қабылдау комиссиясының жұмысына көп өзгерістер енгізілді.  Аталған қағидағаның 4.1 тармағына сәйкес түсу емтихандары жүргізілмейді. 

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымына оқуға түсушілер үшін білім алушылар құрамына қабылдауға арналған конкурс білім туралы құжатқа сәйкес міндетті және бейінді пәндердің жиынтық балының нәтижелері бойынша өткізіледі. Карантин жағдайларында қабылдау комиссиясының жұмысы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып жүргізіледі.

Колледжде құжаттарды қабылдау 2020 жылдың 20 маусымынан басталды. 2020-2021 оқу жылына колледжге 575 мемлекеттік тапсырыс бөлінді. Қабылдау комиссиясының қорытындысы бойынша бүгінгі таңда байқауға 1083 талапкер құжатын тапсырды.

Қабылдау комиссиясының құрамы жергілікті және атқарушы атқарушы органдардың, жұмыс берушілердің, қоғамдық ұйымдардың өкілдерінен, студенттік өзін-өзі басқару ұйымының және ата-аналар кеңесінің өкілдерінен тұрады.

Сондай—ақ, тағы бір жаңашылдық: колледждің сайтында күнделікті оқуға тапсырған тұлғалардың жиынтық балы көрсетілген тізімдік құрамын жариялап отырады отырады. Ол құжатта жиынтық балдың қорытындысы бойынша талапкердің нешінші орында тұрғаны көрсетіледі. Қабылдау комиссиясының ашықтығы осында. Яғни, кез-келген оқуға тапсырған азамат өзінің мемлекеттік тапсырыс негізінде оқуға түсуіне қаншалықты мүмкіндігі бар екенін ашық көре алады.

Қабылдау нәтижелері туралы ақпаратты қабылдау комиссиялары ақпараттық стендтерге және колледждің интернет-ресурстарына орналастыру арқылы жеткізеді. Осыған байланысты қонақтарға колледждің арнайы сайтының қалай жұмыс жасап тұрғанын көрсетілді.