“Мектепке жол” қайырымдылық акциясы

Жаңа оқу жылы басталар алдында Елордада әлеуметтік осал топтағы балаларға көмек көрсетуге бағытталған «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы басталды. «Менің Атамекенім» порталында «Мектепке жол» платформасы жұмыс жасайды, онда мұқтаж ата-аналар өтініштерін қалдыра алады. Бұл платформа мұқтаж адамдар мен қайырымдылық жасаушылар арасындағы тікелей байланысты қамтамасыз етеді.
Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласында порталда 3629 өтініш тіркелді, меценаттар, кәсіпкерлер кезегіне сәйкес отбасыларға көмек беруде.

15 тамыз күні Меценаттар тізім бойынша алғашқы 10 отбасына планшеттер таратады.

Осы жылдың басынан бастап акция аясында 4203 мұқтаж оқушыға

42 миллион теңгеден астам көмек көрсетілді.

Акцияға қатысқысы келетіндердің барлығына 87011876868, 87783816839 телефондары бойынша Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау бөліміне хабарласуын сұраймыз.

Акцияның белсенді қатысушылары болуға барлығыңызды шақырамыз!