Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі 2020 жылы жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды білім беру саласы, денсаулық сақтау және гуманитарлық ғылымдар (исламтану, теология, дінтану) даярлауға арналған мақсатты мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыруға конкурс жариялайды

Конкурсты ұйымдастырушы: «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» ММ 

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурсына қатысу үшін «Астана» халықаралық университеті жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Астана медицина университетінің Түлектер қауымдастығы» ҚБ, «Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті» мынадай қажетті құжаттарды ұсынады:

       1) 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы жоғары оқу орнының өтінімін;  

       2) 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы жоғары оқу орнының сауалнамасын;

3) 3-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы тиісті оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру ұсынысын;

4) 4-қосымшаға сәйкес жоғары оқу орнының ақпараттық картасын.

Конкурстық өтінімге кіретін құжаттар тігіледі, нөмірленеді, жоғары оқу орнының бірінші басшысы қол қояды, мөрімен расталады және конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген тәртіппен ұсынылады.

Конкурстық өтiнiм білім беру саласындағы уәкілетті органға конкурс өткiзу туралы хабарландыруда көрсеткен сағат пен күннен кешiктiрілмей жолданады. Конкурстық өтiнiм беру мерзiмi аяқталғаннан кейiн түскен конкурстық өтiнiм кешiгу себептерiне қарамастан қаралмайды. 

Конкурстық өтінімдерді беру мерзімі аяқталғаннан кейін оларға қандай да бір өзгерістер енгізуге рұқсат етілмейді. 

Конкурсқа қатысуға арналған құжаттар конкурсты ұйымдастырушының төмендегі мекен-жайда орналасқан кеңсесіне 2020 жылғы тамыздың 3-4 күндерін қоса алғандағы аралықта ұсынылады: «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» ММ, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11-үй, 55-68-55, 55-68-57, 87759129795, 55 68 55, 55 68 57, 87013750002  каб.: 119, 721.