Нұр-Сұлтан қаласының жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурс

«Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі 11, жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарында мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурс жариялайды.
 Конкурсқа өтінімді әлеуетті өнім берушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері (тиісті үлгіде ресімделген сенімхат болса) конкурс ұйымдастырушысының кеңсесіне немесе тапсырыс беретін пошталық байланысты пайдаланып: «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі 11үй мекенжайы бойынша, телефон: 55-68-74, 119 кабинетке, әрбір жұмыс күні сағат 08-30-дан 16-00-ге дейін, 2020 жылғы 8 шілде мен 28 шілдіге дейін ұсынады.

 “Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы “Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы “Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №609 бұйрығына сәйкес мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларында көзделген., және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, орта білім беруге” (осы хабарламаға № 1 қосымша).

Нұр-Сұлтан қаласының жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсты хабарландыруға
№1 қосымша

 

 

КОНКУРСТЫҚ ҚҰЖАТТАМА ТЕГІН ҰСЫНЫЛАДЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

Конкурс 2020 жылғы 8 – 28 шілде аралығында жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарда Тәрбиеленушілерді мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша көрсетілетін қызметтердің жеткізушісін таңдау мақсатында өткізіледі..
 “Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы “Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы” Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №609 бұйрығына сәйкес мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларында көзделген мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, орта білім беруге”; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 қаулысымен бекітілген Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларымен бекітілген Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің нормалары мен қағидалары сақталған кезде жүзеге асырылады.(1-қосымша, 1-тарау, 1,2,3-тармақтар).
 Конкурсқа қатысуға өтінім берген жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар жіберіледі.
 Өтінім нысаны еркін.
 Конкурсқа қатысуға өз қызметінің басталғаны туралы хабарлаған және Тәрбиеленушілерді мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға өтінім берген жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдар жіберіледі.

Конкурсқа қатысу үшін жеке меншік мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары Нұр-сұлтан қаласының білім басқармасына келесі құжаттарды тапсырады: 

 1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша комиссия төрағасының атына жазылған өтінішті;
 2) заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы немесе куәліктің көшірмесін, мектепке дейінгі ұйымдардың жарғысын, құжаттарды тапсырғанға дейін бір ай мерзімінен аспайтын банктен берілетін берешегінің жоқ екені туралы анықтаманы және салық органынан берілетін берешегінің жоқ екені туралы анықтаманы;
 3) мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту ұйымдары үшін қолданылатын жылжымайтын мүлікке құқықты белгілеуші құжаттардың көшірмесін (жекеменшік немесе жалға алу);
 4) “Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 217 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15217 болып тіркелген) бекітілген “Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес мектепке дейінгі ұйымның санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесін;
 5) медициналық кабинетке лицензиясының болуы туралы көшірмесін немесе тіркелген жерін ескере отырып емханамен жасалған қызмет көрсету туралы шартты;
 6) Заңға сәйкес тамақтандыруға жұмсалатын ата-аналар төлемақысының белгіленген мөлшерімен, тек қана республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармаларының, қалалардың (аудандардың) білім бөлімдерінің жолдамасымен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша балаларды қабылдау туралы жеткізушінің міндеттемесін ұсынады. Жеткізуші Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша міндеттемелер нысанын толтырады;
 7) педагогикалық немесе кәсіптік білімі бар тәрбиешілердің білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарының көшірмелері.
Конкурстық өтінімге кіретін құжаттар тігіледі, нөмірленеді, мектепке дейінгі ұйымның құрылтайшысымен қол қояды, мөрімен расталады және конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген тәртіппен ұсынылады.
Ұсынылған өтінімдерді комиссия өз отырысында 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды.
 Комиссия отырысынан кейін келесі ақпараттармен:
 1) олардан бас тарту себептерін егжей-тегжейлі сипаттай отырып, оның ішінде құжаттардың осы талаптарға сәйкес келмейтінін растайтын мәліметтер мен құжаттарды көрсете отырып, Қағидалардың талаптарына сәйкес келмейтін мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесі;
 2) алдын ала қарау хаттамасына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдармен ұсынылған түзетілген және толықтырылған құжаттарды қайта қарау мерзімі көрсетілген конкурсқа қатысудың алдын ала талқылау хаттамасы құрылады.
 Алдын ала рұқсат беру туралы конкурстық комиссияның шешімі конкурстық комиссияның хатшысы 3 (үш) жұмыс күні ішінде Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының интернет-ресурсында орналастырады.
 Әлеуетті жеткізушілерге алдын ала рұқсат беру хаттамасы орналастырылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күн ішінде алдын ала рұқсат беру хаттамасына сәйкес құжаттарды сәйкес келтіру құқығы беріледі.
 Комиссия конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасының тізбесінде көрсетілген мектепке дейінгі ұйымдардың конкурсқа қатысуға өтінімдерін оларды сәйкес келтірудің толықтығы тұрғысынан қайта қарайды.
 Комиссия отырыс күнінен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде орын санын көрсете отырып, мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесіне енгізу туралы шешім шығарады.
Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін орындардың барынша мүмкін саны көрсетіле отырып, комиссияның шешімі хаттама түрінде ресімделеді.
 Комиссия мынадай:
 1) жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру тізбесіне енгізу туралы;
 2) Қағидалардың 9 және 10-тармақтарына сәйкес келмеген жағдайда, жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру тізбесіне енгізуден бас тарту туралы шешімдердің біреуін шығарады.
 Жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тарапынан мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша орын санына байланысты ұсыныстар саны артқан жағдайда жеткізушілерді Комиссия қосымша өлшемшарттар бойынша конкурс негізінде таңдап алады.
 Жеткізушіні конкурс арқылы таңдаудың қосымша өлшемшарттары:
 1) жоғары және бірінші санатты тәрбиешілердің үлесі олардың жалпы санынан кемінде 10%;
 2) тиісті бейіні бойынша кәсіптік білімі бар тәрбиешілердің үлесі олардың жалпы санынан алғанда кемінде 50%.
 Ашық дауыс беру жолымен комиссия мүшелері дауысының көпшілігімен шешім қабылданды деп есептеледі. Комиссия құрамының дауыстары тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының даусы шешуші болып табылады.
 Хаттаманы хатшы ресімдейді, оған төраға және отырысқа қатысқан комиссияның барлық мүшелері қол қояды. Комиссия отырысы қажеттілігіне қарай өткізіледі, егер комиссия мүшелерінің жалпы санының жартысынан астамы отырысқа қатысса дұрыс деп есептеледі.
 Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы шешім Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының интернет-ресурстарында жарияланады.
 Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының өкілдері жылына бір рет мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру шартында көзделген міндеттемелердің орындалуы бойынша мектепке дейінгі ұйымдар қызметіне мониторинг жүргізеді және консультативтік көмек көрсетеді.
1 балаға мемлекеттік білім беру тапсырысы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын есепке алғандағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесіне сәйкес есептеледі.

Жаңа және қосымша орындарға, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша орындар бұдан бұрын орналастырылған мектепке дейінгі ұйымдар филиалдарының орындарына мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурс негізінде жүзеге асырылады.