«Орта білім беретін үздік ұйым» конкурсын өткізу туралы

Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын беру тәртібін және оның мөлшерін белгілей отырып, оны беруге арналған конкурсты өткізу қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 544 бұйрығына сәйкес 2019 жылғы 17 тамызда Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік мектептер арасында «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын беру қалалық конкурсы өтетінін хабарлайды (Білім басқармасы 2020 жылғы 15 шілдедегі № 251 бұйрық). 

Конкурсқа қатысу үшін өтінім мен «Гранттар конкурсы» деген белгі тәртібі мен оның өлшемдері белгіленген Қағидаларының 11-тармағындағы өлшемдерге сәйкес (рейтингілік көрсеткіштер) тиісті құжаттарды Білім басқармасының кеңсесіне ағымдағы жылдың тамыздың 03-10 аралығында тапсыру қажет.