Ағымдағы жылдың 25 шілдесінде 52- IСhO -2020 Олимпиадасына 78 еллдің оқушылары қатысып, тәуелсіз бақылаушының қадағалауында болып, бейнетаспаға түсіріледі. Теориялық тур аяқталған уақытта қатысушылардың жауап парақшалары сканерден өткізіліп жіберіледі.
Әр елден Ұлттық Біріншілігі кезеңінде жеңімпаз болған 4 оқушыдан құралған команда қатысады. Нұр-Сұлтан қаласы дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің 10-сынып оқушысы Сейсенкул Бақдәулет алдын ала жасалған үміткерлер тізіміне кірді.
Оңтүстік Корея, АҚШ, Қытай, Ресей, Сингапур, Жапония сынды елдердің қатысушыларымен сынға түсетін Бақдәулетке сәттілік тілейміз. Жеңіс тұғырын бағындыруына тілектеспіз!