«Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» ММ бос басшылық лауазымға конкурс жариялайды:

1. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Ғафу Қайырбеков атындағы № 2мектеп-гимназия» КММ директоры (мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Сарыарқа ауданы, С.Сейфуллин көшесі, 19). Лауазымдық айлықақысы атқарған еңбек өтіліне байланысты – 111 543 теңгеден 135 293-ке дейін). 

Қазақ және орыс тілдерінде оқытатын жалпы орта білім беретін мектеп. Бағыты – қоғамдық-гуманитарлық. 1966 жылдан бастап жұмыс істейді, мектептің жобалық қуаты – 800 орындық. 

2. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің № 9 «Зерде» мамандандырылған» мектебі КММ директоры (мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Сарыарқа ауданы, Сарыарқа даңғылы, 20). Лауазымдық айлықақысы атқарған еңбек өтіліне байланысты – 111 543 теңгеден 135 293-ке дейін). 

Мемлекеттік тілде білім беретін дарынды балаларға арналған жалпы орта білім беретін мектеп. Бағыты – жаратылыстану-математикалық. 2005 жылдан бастап жұмыс істейді, мектептің жобалық қуаты – 400 орындық. 

3. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 13 орта мектеп» КММ директоры (мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданы, Промышленный тұрғын үй алабы, Шалкөде көшесі, 5). Лауазымдық айлықақысы атқарған еңбек өтіліне байланысты – 111 543 теңгеден 135 293-ке дейін). 

Қазақ және орыс тілдерінде оқытатын жалпы орта білім беретін мектеп. Бағыты – қоғамдық-гуманитарлық. 1982 жылдан бастап жұмыс істейді, мектептің жобалық қуаты – 392 орындық. 

4. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 18 орта мектеп» КММ директоры (мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Сарыарқа ауданы, Бөгенбай батыр даңғылы, 17). Лауазымдық айлықақысы атқарған еңбек өтіліне байланысты – 111 543 теңгеден 135 293-ке дейін). 

Қазақ және орыс тілдерінде оқытатын жалпы орта білім беретін мектеп. Бағыты – жаратылыстану-математикалық. 1981 жылдан бастап жұмыс істейді, мектептің жобалық қуаты – 1568 орындық. 

5. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 20 орта мектеп» КММ директоры (мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Сарыарқа ауданы, Қарталы көшесі, 62).

Лауазымдық айлықақысы атқарған еңбек өтіліне байланысты – 111 543 теңгеден 135 293-ке дейін). 

Қазақ және орыс тілдерінде оқытатын жалпы орта білім беретін мектеп. Бағыты – қоғамдық-гуманитарлық. 1959 жылдан бастап жұмыс істейді, мектептің жобалық қуаты – 1200 орындық. 

6. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 31 мектеп-гимназия» КММ директоры (мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Байқоңыр ауданы, Кенесары көшесі, 49). Лауазымдық айлықақысы атқарған еңбек өтіліне байланысты – 111 543 теңгеден 135 293-ке дейін). 

Қазақ және орыс тілдерінде оқытатын жалпы орта білім беретін мектеп. Бағыты – қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-математикалық. 1976 жылдан бастап жұмыс істейді, мектептің жобалық қуаты – 1115 орындық. 

7. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шәкәрім атындағы № 56 мектеп-лицей» КММ директоры (мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Сарыарқа ауданы, Челюскинцев көшесі, 29/1). Лауазымдық айлықақысы атқарған еңбек өтіліне байланысты – 111 543 теңгеден 135 293-ке дейін). 

Қазақ тілінде оқытатын жалпы орта білім беретін мектеп. Бағыты – жаратылыстану-математикалық. 2006 жылдан бастап жұмыс істейді, мектептің жобалық қуаты – 1200 орындық. 

8. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 69 мектеп-гимназия» КММ директоры (мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Ильинка тұрғын үй алабы, Исатай батыр көшесі, 141). Лауазымдық айлықақысы атқарған еңбек өтіліне байланысты – 111 543 теңгеден 135 293-ке дейін). 

Қазақ және орыс тілдерінде оқытатын жалпы орта білім беретін мектеп. Бағыты – қоғамдық-гуманитарлық. 2012 жылдан бастап жұмыс істейді, мектептің жобалық қуаты – 1200 орындық. 

9. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 86 мектеп-гимназия» КММ директоры (мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданы, А-98 көшесі, 20). Лауазымдық айлықақысы атқарған еңбек өтіліне байланысты – 111 543 теңгеден 135 293-ке дейін). 

Қазақ тілінде оқытатын жалпы орта білім беретін мектеп. Бағыты – қоғамдық-гуманитарлық. 2019 жылдан бастап жұмыс істейді, мектептің жобалық қуаты – 1200 орындық. 

10. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Абай Құнанбайұлы атындағы № 87 мектеп-гимназия» КММ директоры (мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Байқоңыр ауданы,А. Иманов көшесі, 37). Лауазымдық айлықақысы атқарған еңбек өтіліне байланысты – 111 543 теңгеден 135 293-ке дейін). 

Қазақ тілінде оқытатын жалпы орта білім беретін мектеп. Бағыты – қоғамдық-гуманитарлық. 2019 жылдан бастап жұмыс істейді, мектептің жобалық қуаты – 900 орындық. 

11. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 88 мектеп-лицей» КММ директоры (мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Е 321 көшесі, 18).

Қазақ және орыс тілдерінде оқытатын жалпы орта білім беретін мектеп. Бағыты – жаратылыстану-математикалық. 2019 жылдан бастап жұмыс істейді, мектептің жобалық қуаты – 1200 орындық. 

Біліктілікке қойылатын талаптар: бейіні бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім және басқа да кәсіптік білімі, немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат.

Педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, оның ішінде педагогикалық өтілі соңғы 2 жыл, және басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 1 жыл;

оқытушылық қызметті жүзеге асыру кезінде – қосымша: сарапшы немесе педагог – зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілігінің болуы.

Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады.

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесе отырып іске асыруды ұйымдастырады. Педагогикалық кеңесті басқарады.

Мектептің жұмыс жоспарын, оқу-тәрбие жұмысы жоспарын, жұмыс оқу жоспарын, пән-мұғалімдерінің қысқа мерзімді жоспарларын бекітеді. Жұмыс жоспарын, бағдарламалар мен жұмыс жоспарларын бекітеді. Бекітілген учаскедегі балаларды жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз ету заңына сәйкес жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз етеді. Оқу-тәрбие процесінің ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын қалыптастырады және жетілдіреді. Оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың дамуын қамтамасыз етеді. Педагогикалық ұйымдар, әдістемелік бірлестіктер, балалар ұйымдары қызметіне ықпал етеді. Білім беру құқығына берілген лицензиясына сәйкес оқушылар, тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырады, оқушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың арасынан шыққан тәрбиеленушілердің заңды құқығы мен мүдделерін (жеке, мүліктік, тұрғын үй, еңбек және басқа да) қорғайды, олардың туысқандық байланысын қолдау үшін оларға жағдай жасау бойынша шаралар қабылдайды.

Оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауға қажетті жағдай жасайды.

Белгіленген заңнама шегінде білім беру ұйымының мүлкі мен құралдарына иелік етеді, жыл сайын құрылтайшылардың қаржылық және материалдық қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы есебін береді.

Нормативтік талаптарға сәйкес есеп жүргізіп, оқу-материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі ережесін, санитариялық-гигиеналық режимді, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау үшін жауап береді.

Педагог кадрларды және қосымша қызметшілерді іріктеуді және жұмысқа тартуды жүзеге асырады, басқару құрылымын, қызметкерлердің штаттық кестесін, лауазымдық нұсқаулығын бекітеді, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды. Педагогтердің біліктілік санатын беру (растау) рәсімін ұйымдастырады.

Қызмет барысында айрықша көзге түскен оқытушылар мен білім беру ұйымдарының қызметкерлерін өзінің құзыретіне қарай марапаттауға және көтермелеуге ұсынады және өз құзыретінің шегінде жаза қолданады.

Педагогикалық этика бойынша кеңестің ұсынымдарын ескере отырып, өз құзыреті шегінде жаза қолданады. Өз құзыреті шегінде мектептің басқа да барлық қызметкерлеріне жаза қолданады.

Қоғаммен байланысты жүзеге асырады, ата-аналармен (немесе оларды алмастырушы адамдармен), қорғаншылық кеңесімен жұмысты үйлестіреді.

Мемлекеттік және басқа да ұйымдарда білім беру ұйымдарына ұсынады, қажетті есеп құжаттарын дайындау мен ұсынуды қамтамасыз етеді. Ақпараттық-коммуникациялық құзіреттілікті меңгерген. Өзіндік кәсіби дамуын қолға алады, оның ішінде менеджмент саласында. Білім беру ұйымдарында “Құндылықтарға негізделген білім беру” тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді. Білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтер және тағы басқа қызметкерлер арасында академиялық адалдық қағидаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады. Білім беру қызметін ұсыну сапасына жауап береді.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, “Білім туралы”, “Педагог мәртебесі туралы”, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы”, “Қазақстан Республикасындағы тіл туралы” Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогика, педагогикалық психология, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, менеджмент негіздерін, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитариялық ережелер мен нормаларды.

Конкурс ҚР «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен бекітілген, педагог қызметкерлер және оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 «Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мектепке дейінгі, орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы және Қазақстан Республикасы   Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі   № 173 бұйрығының 2-қосымшасы негізінде өткізіледі. 

«Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» ММ немесе мемлекеттік корпорация (Азаматтарға арналған үкімет) хабарлама жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде бос лауазымға орналасу үшін мынадай құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) білім туралы құжаттың көшірмесі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

5) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;

6) ескертпелер мен көтермелеулерді көрсете отырып, бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;

7) біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);

8) “Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) нысанға сәйкес медициналық куәландырудан өтуі туралы құжат (уақытша тоқтатылды);

9) “Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегі органдарымен жеке тұлғаларға ақпараттық-анықтамалық бойынша қызметін көрсету нұсқаулығын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2017 жылғы 24 наурыздағы № 31 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14978 болып тіркелді) нысанға сәйкес соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;

10) Мектепті дамытудың перспективалық жоспары.

Конкурсқа қатысу үшін кандидат білім беруді басқару органының қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары (болған жағдайда) туралы материалдарды ұсынуға құқылы. 

Конкурс төрт кезеңде өткізіледі:

1) конкурсқа қатысушылардың біліктілігін бағалау;

2) мемлекеттік білім беру ұйымының қамқоршылық кеңесімен (бұдан әрі – қамқоршылық кеңес) кандидаттарды келісу;

3) қалалық білім беруді басқару органымен кандидаттарды келісу;

4) білім беруді басқару органының конкурстық комиссиясының отырысында әңгімелесу.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына сәйкес «Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мектепке дейінгі, орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы» тестілеу жүргізіледі.

Конкурстың өткізілу уақыты жоғарыда көрсетілген Ережеге сәйкес белгіленеді.

Конкурстың өткізілу орны «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» ММ.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды мына мекен-жайға тапсыру қажет: индекс 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11-үй, «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» ММ № 722 А кабинет немесе мемлекеттік корпорация (Азаматтарға арналған үкімет). Анықтама телефондары: 55 68 55, 55 68 57, 55 67 56.