Білім беру ұйымдарында қызмет еткісі келетін мамандарға арналған бос орындар порталы жұмыс істейді

Басқармада қызметкерлерді есепке алудың автоматтандырылған жүйесі қосылды, HRPortal аясында бос жұмыс орындарының кадрлық порталы жұмыс істейді, онда білім беру ұйымдарында жұмыс атқарғысы келетін кандидат тіркеуден өтіп, бос жұмыс орындарына өтініш бере алады.

Кандидат жеке мәліметтерді толтырып, құжаттардың сканерленген көшірмесін салып, жауаптар қалдыруға болады.

Бос жұмыс орындары бар білім ұйымының әкімшілігі берілген өтініштерді қарап, әңгімелесуге шақырады.

Барлық жүйе онлайн режимінде өтеді. Жұмысқа қабылдамаған жағдайда, нақты дәлел болу қажет.