Білім басқармасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің…

Білім басқармасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 21 қыркүйектегі № 484 бұйрығымен бекітілген «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін үздік ұйым» грантының мөлшерін және оны беру тәртібін белгілей отырып, оны беруге арналған конкурсты өткізу қағидаларына сәйкес конкурс өтетіндігін хабарлайды.
Аталған Конкурсқа қатысу үшін ағымдағы жылғы 10 шілдеге дейін құжаттарды техникалық және кәсіптік білім бөліміне тапсыру қажет:
1) Конкурсқа қатысуға өтінім;
2) төменде көрсетілген өлшем шарттарға сәйкес тиісті материалдар:
2.1. техникалық және кәсіптік, орта білімінен кейінгі бiлiм беру ұйымдарының қызмет сапасы;
тәуелсіз аккредиттеуден өтуі;
соңғы 3 жылдағы қаржы шығындарын көрсетіп, құрылған және қайта жабдықталған зертханалар және шеберханалар саны;
мамандықтар бойынша цифрлық білім беру ресурстарының, оқу – әдістемелік құралдардың саны;
оқытудың ақпараттық – коммуникациялық технологияларын енгізу;
оқытушыларды біліктілікті арттырумен және тағылымдалармен қамту, оның ішінде шетелде;
техникалық және кәсіптік білімі бар кадрлар даярлау мамандықтары бойынша сатып алынған жаңа және/немесе шетел әдебиетінің саны;
техникалық және кәсіптік, орта білімінен кейінгі білім туралы үздік диплом алған түлектердің үлесі;
веб-сайттың бар болуы, толтырылуы және бірнеше тілде (мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде) сайттың қызмет етуі;
2.2. кәсіби кадрлар: инженерлік-педагогикалық қызметкерлер (бұдан әрі – ИПҚ);
модульдік – құзыреттілік тәсіл бойынша біліктілікті арттырудан өткен ИПҚ үлесі;
ағылшын тілінде арнайы пәндер бойынша сабақ беретін ИПҚ үлесі;
ИПҚ қатарындағы магистрлердің, PhD докторларының, ғылым кандидаттарының, ғылым докторларының үлесі;
“Үздік педагог”, “Өндірістік оқытудың үздік шебері” кәсіптік шеберлік конкурстарында ИПҚ қатысуы;
ведомстволық озат белгісімен және мемлекеттік наградалармен марапатталған қызметерлердің үлесі;
2.3. бизнес-қоғамдастықпен өзара әрекеттесу;
жұмыс берушілермен, бизнеспен әлеуметтік әріптестік және ынтымақтастық деңгейі (қамқоршылық және индустриалды кеңестер);
зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталықтың деректері негізіндегі оқуды аяқтағаннан кейінгі бірінші жылы жұмысқа орналастырылған түлектердің үлесі;
оқытудың дуальды технологиясы бойынша білім алып жатқан студенттердің үлесі;
кәсіптік даярлық деңгейін тәуелсіз бағалаудан және біліктілікті беруден өткен білім алушылардың қатысқандардың жалпы санынан үлесі;
2.4. WorldSkills қозғалысына және басқа инновациялық жобаларға қатысу;
WorldSkills чемпионаттарында қатысқан құзыреттердің саны (өңірлік, ұлттық, халықаралық);
WorldSkills стандарттары бойынша оқытылған сарапшылардың саны;
WorldSkills чемпионаттарының (өңірлік, ұлттық, халықаралық) жеңімпаздар саны;
инновациялық жобалар бойынша жасалған меморандумдар мен келісімдердің саны.
2.5. білім алушылардың контингенті;
кәсіптік шеберлік конкурстарында (WorldSkills жобасынан тыс), ғылыми-практикалық конференцияларда және басқа да халықаралық, республикалық, облыстық және қалалық деңгейлердегі іс-шараларда жүлделі орындарды алған студенттердің үлесі;
мамандықтар бойынша оқуды аяқтағанға дейін білім алушылар контингентінің сақталу көрсеткіштері.