Нұр-Сұлтан қаласының мектепке дейінгі ұйымдарына орындарды бөлу

2020 жылғы 17 маусымнан бастап http://www.e.astana.kz немесе indigo24.kz электрондық жүйесінде мектепке дейінгі ұйымдарда босаған 20 198 орынға топтастыру басталады, олардың ішінде: мемлекеттік балабақшаларда – 9400 орын, жекеменшік – 7347 орын, шағын орталықтарда – 3451 орын.

2018 жылы туғандарға  – 2442 орын; 2016 жылы туғандарға  – 5449 орын; 

2017 жылы туғандарға  – 7877 орын; 2015 жылы туғандарға  – 4430 орын бөлінген. 

 

 

Туған жылы Топтастыру күні Орын алу тәртібі
1 2018 жылғы 17.06.2020 кезектен тыс тұрғандар үшін (әскери қызметкерлер)
2 2018 жылғы 18.06.2020 Жалпы кезек бойынша
3 2018 жылғы 23.06.2020

24.06.2020

еркін қолжетімдік
4 2017 жылғы 19.06.2020 кезектен тыс тұрғандар үшін (әскери қызметкерлер)
5 2017 жылғы 22.06.2020 Жалпы кезек бойынша
6 2017 жылғы 23.06.2020 жекеменшік балабақшаларға орындар
7 2017 жылғы 25.06.2020

26.06.2020

еркін қолжетімдік
8 2016 жылғы 29.06.2020 кезектен тыс тұрғандар үшін (әскери қызметкерлер)
9 2016 жылғы 30.06.2020 Жалпы кезек бойынша
10 2016 жылғы 01.07.2020 жекеменшік балабақшаларға орындар, шағын орталықтарға 
11 2016 жылғы 03.07.2020

07.07.2020

еркін қолжетімдік
12 2015 жылғы 02.07.2020 кезектен тыс тұрғандар үшін (әскери қызметкерлер)
13 2015 жылғы 03.07.2020 Жалпы кезек бойынша
14 2015 жылғы 07.07.2020 жекеменшік балабақшаларға орындар, шағын орталықтарға
15 2015 жылғы 09.07.2020

10.07.2020

еркін қолжетімдік

 

 

Маңызды!!!

Орындар осы кесте бойынша қатаң сәйкестікте бөлінетін болады. Барлық кезектегілерді мемлекеттік балабақшаларға бөлу кезінде тек 3 жұмыс күні ғана болады (туған жылы бойынша), содан кейін 4-ші күні кезекте тұрған барлық адамдарға орындар қолжетімді болады.   

Сонымен бірге http://www.e.astana.kz немесе indigo24.kz электрондық жүйесінде «Әлеуметтік желілер жаңалықтары» бөлімінде күн сайын бөлу нәтижелерін талдау күнделікті орналастырылатын болады. Орындар бөлуді баланың тіркеу күнін, жеңілдіктің бар-жоғын, баланың жасын ескере отырып, автоматтандырылған жүйе жүзеге асырады.