Баспасөз хабарламасы

2020 жылғы 17 маусымнан бастап барлық мектепке дейінгі ұйымдарға жоспарлы топтастыруды бастау жоспарлануда http://www.e.astana.kz немесе indigo24.kz электрондық жүйесінде мектепке дейінгі ұйымдарда (жекеменшік балабақшалар мен шағын орталықтар) босаған 20 198 орын жарияланатын болады (2019 жылы – 15 мың орын босады), оның ішінде:  

  • 2018 жылы туғандарға – 2 442 орын; 
  • 2017 жылы туғандарға – 7 877 орын; 
  • 2016 жылы туғандарға – 5 449 орын; 
  • 2015 жылы туғандарға – 4 430 орын.

Ағымдағы жылдың 1 маусымынан барлық мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін ата-аналар үшін  онлайн-консультациялар ұйымдастырылды, қажет болса ата-аналар қатаң санитарлық-дезинфекциялық шараларды сақтай отырып, мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар жанындағы консультациялық пункттердің көмегіне жүгіне алады.   

Топтастыруды өткізу кестесі мен жолдамаларды алу бойынша ақпарат барлық интернет ресурстарда: Білім басқармасының сайтында (www.bilim.astana.kz), әкімдіктің сайтында (www.astana.gov.kz), электрондық жүйеде (http://www.e.astana.kz немесе indigo24.kz) орналастырылады.  

Елордадағы карантиндік шаралар режиміне байланысты берілген жолдамалардың мерзімі ата-ананың қатысуысыз автоматты түрде жүйеде ұзартылатын болады. 

Барлық туындайтын сұрақтар бойынша Call-орталыққа 55-68-83, 55-68-73, 1445 телефондары арқылы хабарласуға болады.