Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Білім беруді жаңғырту орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 37 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің 45, 46-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, «Білім туралы» 2007 жылғы        27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының             17-бабына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының «Білім беруді жаңғырту орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Білім беруді жаңғырту орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (бұдан әрі – Кәсіпорын)  болып қайта ұйымдастырылсын. 

2. «Нұр-Сұлтан қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесіне Кәсіпорынның Жарғысы мен тапсыру актісі бекітілсін.

3. Кәсіпорынның басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде заңды тұлғаны әділет органдарында қайта тіркеуді жүргізсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Б.М. Мәкенге жүктелсін.

Әкім
А. Көлгінов