Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы…

Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға 2019-2023 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қаулысының жобасын әзірледі.

Кардларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыруға қаланың еңбек нарығында мамандардың жетіспеушілігі негіз болды.

Осыған орай, 2020 жылға 20 мамырда сағ. 10.00-де Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының 712 кеңсесінде, Бейбітшілік,11 мекен-жайы бойынша, жоғарыда көрсетілген жобаға реттегіш құралдардың реттеушілік әсерін талдауына қоғамдық талқылау өтеді.