11 сынып түлектеріне аттестат табыстау 3-4 маусымда өткізіледі

Биыл қорытынды аттестаттау емтихандарының өткізілмейтінін ескеріп, ҚР Білім және ғылым министрлігімен бұл іс-шараны маусым айының басында өткізу туралы шешім қабылданды. Түлектерге салтанатты түрде аттестаттар табысталып, соңғы қоңырау соғылады.

Іс-шара міндетті түрде мектеп аумағында, ашық алаңда, қонақтарсыз, тек бітірушілердің қатысуымен және санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізіледі. Аттестат тапсыру рәсіміне мектеп формасында келу ұсынылады. Салтанатты бөлімнен кейін ағаш отырғызу акциясын өткізу жоспарлануда.