Төтенше жағдайдан кейін балабақшалар жұмыс істейді

Мектепке дейінгі ұйымдар өз жұмысын бастау үшін Денсаулық сақтау министрлігі объектілерді пайдалануға беру тәртібі мен ережелерін әзірлеуде. Бұл құжатта объектілерде санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтау нормалары, сондай-ақ Мектепке дейінгі балалар ұйымдарының кезекші топтарының режим алгоритмі көрсетіледі. Балабақшалардың нақты қай уақытта жұмысын бастайтыны төтенше жағдай аяқталғаннан кейін белгілі болады.  

Сондай-ақ, мектеп жасына жеткен балаларды балабақшадан шығару жыл сайын 1 тамызға дейін, сондай-ақ балаларды жас ерекшеліктеріне байланысты бір топтан келесі топқа  ауыстыру ағымдағы жылғы 1-31 тамыз аралығында жүзеге асырылады. Сонымен қатар, ҚР-да төтенше жағдай режимі мен карантин енгізілуіне байланысты мектепке дейінгі ұйымдардың қызметі төтенше жағдай режимі аяқталғанға дейін тоқтатылды.

Басқарма мектепке дейінгі ұйымдардағы босаған орындар мен түлектердің санына мониторинг жүргізуде. Жинақтау мерзімі туралы шешім төтенше жағдай режимі алынғаннан кейін қабылданады.