Нұр-Сұлтанда былтырғыдан қарағанда екі есе көп мектеп салынады.

Елордада 2020 жылы 12  мектеп пайдалануға берілсе, тағы да 12 мектептің құрылысы жоспарлануда. Бұл мектептер сұранысқа сай сыйымдылығы көп, атап айтқанда 20 мың орынға  арналмақ (екі ауысым бойынша 40 мың орын). 

Нұр –Сұлтан қаласының әкімі Алтай Күлгінов Майқайың және А351 көшелерінің қиылысындағы құрылыс барысымен танысты. Бұл мектеп 1200  орынға арналған, 2021 жылы пайдалнуға берілмек. 

«Қала халқының саны артуына байланысты әлеуметтік нысандарға сұраныс көп. Қазіргі таңда үш ауысыммен жұмыс істейтін мектептер бар. Үш ауысымды болдырмау үшін жылына кем дегенде  10  мектеп салынуы керек. Ағымдағы жылы және келесі жылы 12 мектептен салынады. Ең алдымен, халық көп шоғырланған жерлерге салынатын болады. Құрылыс жұмыстары тиісті деңгейде жүргізіп,  абаттандыру бойынша барлық сұрақтарды  алдын ала шешу қажет. Сондай-ақ, құрылыс барысында санитарлық нормалар қатаң сақталуы керек», – деді қала әкімі Алтай Күлгінов. 

Білім беру мекемелерінің құрылысына жекеменшік инвесторла да тартылған. 5жылдыққа арналған Кешенді жоспардың аясында 60мың орынға арналған 50 мектеп салу жоспарланған. Екі ауысым 120 мың оқушы орнын қамтуға мүмкіндік береді.