Мемлекеттік тапсырысты орналастыру үшін жеке мектептерден өтініштер қабылдау жарияланды

Елдегі төтенше жағдай әрекет ету кезеңінде «Қаржы орталығы» АҚ-мен қолданыстағы жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесі аясында жеке мектептерге төлемдер жалғасуда.

Жаңа жеке мектептерді қолдау мақсатында 2020 жылдың 6 сәуірі мен 6 мамыры аралығында мемлекеттік тапсырысты орналастыру үшін кезектен тыс өтініштер қабылдауды жариялауға шешім қабылданды.

2020 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыру аясында 40 мың оқушы орнын қамтамасыз ететін жеке мектептермен 151 шарт жасалды.

Соңғы жылдары мектептер құрылысының қарқыны халықтың демографиялық өсуімен үйлескен жоқ. Осының салдарынан бүгінгі күні «үш ауысым» ретінде халық арасында кеңінен танымал білім беру ұйымдарының жұмыс істеуіне байланысты бар.

Ағымдағы есептеулер бойынша республика бойынша тапшылық 168 мыңнан астам оқушы орнын құрайды және елдің

17 өңірінің әрқайсысында тіркелген. Бұл ретте қажеттіліктің негізгі бөлігі Алматы қаласында (25 мың), Нұр-Сұлтан (15 мың), Шымкент (12 мың), Түркістан (27 мың), Алматы (19 мың), Жамбыл (12 мың) облыстарында шоғырланған.

Қазіргі жағдайда қысқа мерзімді кезеңде осы проблеманы шешу елеулі мемлекеттік шығындарды талап етеді. Осыған орай екі маңызды мақсатқа қол жеткізілетін мемлекеттік жекешеік әріптестік қағидаты таңдалды: жаңа оқушылар орындары құрылады және бизнестің білім беру нарығына белсенді кіруі үшін қолайлы жағдайлар жасалады.

Өз мектебін ашуды жоспарлап отырған кәсіпкерлерге қолдау шараларының кешені ұсынылады.

Мемлекеттік тапсырысты бірыңғай оператор болып табылатын «Қаржы орталығы» АҚ орналастырады. Мүдделі болған жағдайда төмендегі телефон нөмірлері бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз:

8 (7172) 695-127, 8 (705) 198 01 01
Біз Сіздерге кеңес беруді қашықтан жалғастыра береміз