«НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНДА МЕКТЕПТЕРДІ САЛУ» МЖӘ жобасы бойынша екі кезеңді конкурстық рәсімдерді пайдалана отырып, жекешелік әріптесті анықтау бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру

«Нұр-Сұлтан қаласының Құрылыс басқармасы» ММ «Нұр-Сұлтан қаласында мектептерді салу» МЖӘ жобасы бойынша екі кезеңді конкурстық рәсімдерді пайдалана отырып, жекешелік әріптесті анықтау бойынша конкурс өткізу туралы хабарлайды. 

Жобаның атауы: «Нұр-Сұлтан қаласында мектептерді салу». 

Жобаны іске асыру саласы: Жоба орта білім саласында іске асырылады.   

МЖӘ жобасының мақсаты: Нұр-Сұлтан қаласында жаңа мектептер салудағы өңірдің қажеттілігін шешу және оқушы орындарының тапшылығы деңгейін төмендету арқылы халықтың қажеттілігін қанағаттандыру.

Осы жобаның ілеспе мақсаттары мен міндеттері: 

– орта білім беру объектілерінің желісін дамыту; 

– қазақстандық және халықаралық стандарттарға сай келетін 2000 орынға арналған заманауи, жалпы білім беретін мектептерді жүзеге асыру;

 – Нұр-Сұлтан қаласында оқушылардың оқу үрдісін ұйымдастыру үшін қолайлы жағдайлар жасау және қамтамасыз ету; 

– Нұр-сұлтан қаласындағы үш ауысымда жұмыс істейтін мектептер санын азайту;

– халықаралық және қазақстандық білім беру стандарттарын интеграциялау негізінде оқушыларды сапалы біліммен қамтамасыз ету;

– білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты сапалы іске асыруды қамтамасыз ету.

«Нұр-Сұлтан қаласында мектеп салу» МЖӘ объектісінің жобалық қуаты»:

Мектеп саны – 6 мектеп 2 000 орыннан, онда 3 лот бар:

1. Келесі көше учаскелерінде 2 000 орындық 4 мектепке тұтас лот:

  • 28 көше, 38 көше («Nova City» ТК);
  • А. Байтұрсынов, А78, А92, А56 көшелері («Нұрлы Жол» ТЖ Вокзалы);
  • Қ. Сатпаев, Д.21, Д.23 көшелері («Astana Mall» ССО);
  • Е-51 көшесі («Зам-Зам» ТК оң жағына қарай).

2. Рысқұлов көшесі учаскесінде («Венский квартал» ТК) 2 000 орындық 1 мектепке тұтас лот.

3. 37, 26 көшелер («Capital Park» кварталдар кешені) учаскесіндегі 2 000 орындық 1 мектепке тұтас лот.

2 ауысымда 6 мектепте оқушылар орындарының саны-24 000;

Жер учаскелерінің жалпы көлемі 2,6-3,5 га диапазонында өзгереді.

Жобаны іске асыру орны: МЖӘ тетігі арқылы Нұр-Сұлтан қаласында 2 ауысымда 24 000 орындық 6 мектеп салу.

МЖӘ жобасын іске асыру кезеңі 4 жыл немесе одан артық, оның ішінде:

Құрылыс кезеңі: 13 ай;

Пайдалану кезеңі: 3 жылдан.

Құрылыстың аталған мерзімдері жобамен және болжамды болып табылады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті жеке әріптестер 2020 жылдың 02 маусымына дейін «Нұр-Сұлтан қаласының Құрылыс басқармасы» ММ техникалық тапсырмасына сәйкес әзірленген техникалық ұсынысты ұсынуы, сондай-ақ «МЖӘ туралы» ҚР Заңының 32-бабына сәйкес біліктілік іріктеу жүргізілетін қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынуы қажет.

Конкурсты ұйымдастырушының атауы: «Нұр-Сұлтан қаласының Құрылыс басқармасы» ММ.

Байланыс деректері:  Ысқақов Қайрат Зейнелғабиұлы, жұмыс телефоны 8-7172-32-34-65;

e-mail: kairat.iskakov@mail.ru

Құжаттар көшірмелерінің пакетін сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін және 14.30-18.30 (жергілікті уақыт бойынша) мына мекен-жай бойынша алуға болады: ҚР, Нұр-Сұлтан қ., Сарыарқа ауданы, Сейфуллин к-сі, № 30 ғимарат, 4-қабат, № 19 кабинет.

Құжаттар көшірмелерінің пакеті осы конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап сұрау салу бойынша ұсынылады.