Елордалық дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін жалдау ережелері жарияланды

Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының құзыретіндегі дене шынықтыру-сауықтыру кешендері мен спорт нысандарын жалға беру ережелері бекітілгенін хабарлады (2020 жылғы 18 ақпандағы №65 ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы).

Жеке тұлғалар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалар объектіні жалға алушылар болып табылады.

Нысандар қосымша білім беру бағдарламаларын (балалар мен жасөспірімдер шығармашылығын дамыту, спорт саласындағы бейімділіктер мен қызығушылықтар), сондай-ақ спорттық-сауықтыру шараларын жүзеге асыру мақсатында сабақтан тыс, демалыс уақытында тендерсіз жалға беріледі.

Дене шынықтыру-сауықтыру кешендері мен спорт нысандарын жалдау туралы хабарландырулар www.gosreestr.kz интернет-ресурсында орналастырылады.

Нысанды жалға алғысы келетін адамдар өтінімін интернет-ресурста ережелермен бекітілген форма бойынша толтыру қажет.

Өтінішке келесі құжаттар қоса беріледі:
1) мемлекеттік емес заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі;
2) жеке тұлғалар үшін – өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмелері, өтініш беруші жіберген хабарламалар туралы рұқсатнамалар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен үзінді көшірме (жеке кәсіпкер үшін).

Жалдау ақысының мөлшері Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы бұйрығымен реттеледі.