«Ардагерге мың алғыс» қайырымдылық акциясы

2020 жылғы 5 наурызда Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Балалар мен жасөспірімдердің туризм және өлкетану орталығы» МКҚК Алматы ауданы әкімдігі әлеуметтік сала бөлімінің қолдауымен «Ардагерге мың алғыс» атты қалалық акциясының шеңберінде «Жеңіс ұрпақтарынан құрмет» қалалық қайырымдылық ақциясын өткізді.
Аталған іс-шара Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне көмек көрсету және құрмет көрсету мақсатында өткізілді. Акция барысында ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің тұрғын үй аумағынан қарды тазалау және шығару жұмыстары жүргізілді, 50 текше метрге жуық қар шығарылды. Әңгіме барысында ардагерлер өздерінің әскери оқиғалары мен естеліктері, шайқас орындары, жауды жеңуге қосқан үлестері, соғыс жылдарындағы, тылдағы өз еңбектерімен бөлісті.
Мәселен, Ысқақ Сансызбай Әлімжанұлы – 90 жаста (Шарбақты к-сі, 33), Еңбек және тыл ардагері, “Еңбек Қызыл Ту” орденінің иегері, ұзақ уақыт ардагерлер кеңесінің төрағасы лауазымында болған, соғыс кезіндегі өз жұмысы, көптеген марапаттарының тарихы туралы айтып берді. Назарова Рауза Төлебекқызы – 85 жыл (Шарбақты көшесі, 14), 9 жасар бала болып әкесімен бірге темір жолда жұмыс істеді, содан кейін өмір бойы осы салада жұмыс істеді, мерейтойлық медальдары мен грамоталары бар. Өзінің еңбегі үшін көптеген ордендері мен медальдары бар, Еңбек Ері, ҰОС ардагері марқұм Айтжанов Ғабдолланың айбынды жеңістері туралы (Медеу к-сі, 62) оның жұбайы Теңдік-апа айтып берді, өкінішке орай, ардагер өзі 2010 жылы қайтыс болды. Әрбір отбасы үшін ұрпақ тарапынан көңіл бөліп, қамқорлық жасау, олардың соғыс жылдарындағы еңбектерінің бағалығын түсіну өте маңызды болып табылады.
Сондай-ақ, әр ардагердің отбасына әлеуметтік көмек түрінде азық- түлік жиынтықтары беріліп, естелік сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды. Іс-шара соңында ардагерлер акция қатысушыларына көрсетілген қайырымдылық көмек үшін алғыстарын білдірді.
Орталық қызметкерлері барлықтарын біздің акцияға қосылуға, соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне қолдау көрсетуге шақырады.
Қарияны сыйлау, барына бағалап қадір тұту – бұл біздің азаматтық парызымыз.