«Менің Отанымның тарихы – менің тағдырым» БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ

 

Өтетін  мерзімі: 2020 жыл  28 ақпан, басталуы сағат 11.00-де

Өтетін жері: Нұр-Сұлтан қаласы, М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайы

1 наурыз «Алғыс айту» күніне орай 2020 жылдың 28 ақпан күні  Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайында   «Менің Отанымның тарихы – менің тағдырым» атты дөңгелек үстел өткізілді. Кездесудің негізгі қонақтары жексенбілік мектеп өкілдері мен тәрбиеленушілері болды. Алғыс айту күні – қысылтаяң шақта бар ауыртпашылықты бірге көтеріп, мемлекет басшысының жетекшілігімен Тәуелсіз Қазақстан құру жолында аянбай тер төккен ел азаматтарының бір-біріне құрмет көрсету күні.

Дөңгелек үстелге өзбек, армян, поляк, неміс, шешен-ингуш, татар-башкир жексенбілік мектептері және «Союз казаков Степного края» жексенбілік мектебі, «Риднэ слово» қауымдастығының украин жексенбілік мектебі, Сарыарқа ауданы әкімдігінің  Ардагерлер кеңесінің «Әжелер шаңырақ» ансамблі қатысқан болатын. Дөңгелек үстел барысында «Алғыс айту» күніне байланысты әр жексенбілік мектеп өз тарихы жайлы айтып, өз салт-дәстүріндегі ерекшелік туралы, бейбіт Қазақстан халқы жайлы  сөз қозғады. Жексенбілік мектеп тәрбиеленушілері өлең-жырларымен бөлісіп, мектеп өкілдері ұлттық аспаптарда әр түрлі музыкалық туындыларды көрсетті. 

Кездесудің қорытындысы ретінде барлық қатысушылар бір-біріне арнайы жылы лебіздері мен тілектерін білдіріп, арнайы жасалған тілек бой тұмарларымен алмасқан болатын.  

НЕГІЗГІ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

  • ұлттық салт-дәстүр мен мәдениетке құрметпен қарауды тәрбиелеу үшін жағдай жасау, халықтардың дәстүрі мен мәдени мұрасын насихаттау.
  • жастар ортасында толерантты сананы қалыптастыру; 
  • бүгінгі күнді тарихпен сабақтастыра отыра, өз жұртына, Отанына деген құрмет, мақтаныш сезімін қалыптастыру.  

Іс-шараны ұйымдастырушылар: Нұр-Сұлтан қаласы  Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайы.  

Қатысушылар:  Нұр-Сұлтан қаласы Жексенбілік мектеп өкілдері мен тәрбиеленушілері.