Махамбеттің жас мұрагерлеріне арналған  «Ұлы дала – ұрпағы » атты IV Республикалық байқауы қорытынды ақпарат

   2020 жылдың 21 ақпаныңда М.Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайында «Ұлы дала – ұрпағы » атты Махамбеттің жас мұрагерлеріне арналған IV Республикалық байқауы өтті.

Байқаудың ережесіне сәйкес бірінші кезең аймақтық деңгейде өтті.  Әр-түрлі облыстар мен қалалардан 70-тен астам ұжым қатысты: Нұр-Сұлтан, Алматы, Павлодар, Қарағанды, Өскемен, Қызылорда, Маңғыстау облысы (Ақшұқыр кенті), Батыс Қазақстан облысы (Подстепный кенті).

Қалалық деңгейде Елорданың білім беру ұйымдарының 35 шығармашылық ұжымы қатысты. Қалалық байқаудың қорытындысы бойынша I орынды  «Есіл»  ауданынан №81 «Astana English school» «Сарыарқа»  ауданынан №3МГ, «Алматы» ауданынан №73МЛ,№52, «Байқоңыр» ауданынан №4МГ иеленді.

Республикалық сайыста қазылар алқасы мен көрермендер  алдында Ұлы батыр Махамбет шығармашылығы мен ақын-ағартушы Абайдың және Қазақстанның басқа да ұлы тұлғалары тақырыбында «үздік әдеби композициялар»  ұсынылды.

Қалалық және аймақтық кезеңдердің қорытындысы бойынша марапаттау рәсімі және Абай Құнанбайұлының «Көзімнің қарасы» әнің орвндау мен #МеніңӘкемВолонтёр атты жаппай челленджінің шарықтау шегі болды.

Байқаудың мақсаты мен міндеттері ұлттық – патриоттық сезімдерді қалыптастыру арқылы “Рухани жаңғыру” қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру, Қазақстан халықтарының салт – дәстүрлерін құрметтеу, жоғары адамгершілік патриоттық мақсаттары мен міндеттері ұлттық-патриоттық сезімдерді және

–           Оқушылардың эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін, шығармашылық қабілеттерін дамыту;

–           Халқын сүйген, халық мұңын жырлаған патриот ақын, жыршы, батыр Махамбет Өтемісұлын үлгі ету арқылы патриоттық сезімді насихаттау;

–           Жастарды шығармашылық ізденіске және шығармашылық өзін-өзі танып білуге, рухани құндылықтарға, отандық мәдениетке, оқуға, халық шығармашылығына дағдыларын қалыптастыру;

Қатысушылардың жас санаттары: 14-16 жас

Республикалық Жас мұрагерлердің Республикалық байқауының қорытындысы бойынша,қатысушыларды марапаттау салтанатты мерекелік жағдайда өтті; Республикалық конкурстың қорытындысы бойынша:

Бас жүлде – Нұр-Сұлтан қаласы №73МЛ

I орын – Алматы қаласы, Жетісу ауданы №148 МГ

II орын – Нұр-Сұлтан қаласы №3МГ

II орын – Маңғыстау облысы Ақшұқыр ауылы

III орын – Нұр-Сұлтан қаласы №4МГ

III орын – БҚО Теректі аудандық лингвистикалық гимназиясы

III орын – Алматы облысы,Іле ауданы