Абай Құнанбаевтың 175-жылдығына арналған атқарылған іс-шаралар өткізілуде

Биыл ұлы ақын және ойшыл, қазақ халқының ұлы Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл. Абай философиясы өзінің халқы, мәдениеті мен тілі туралы дана ойларымен кейінгі қазақстандықтардың кейінгі ұрпақтары үшін құнды рухани мұраға айналды. 

Барлық білім беру ұйымдарында Абайдың туған күніне арналған іс-шаралар өткізіледі:

Бүгінгі шығармашылық кездесудің арнайы қонағы – актер, әнші, композитор Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» төс белгісінің иегері – Құмарбек Қалқатаев. Кеш барысында, Құмарбек Қалқатаев «Сегіз аяқ», «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем, қалам қас», «Сұрғылт тұман дым бүркіп», «Мен көрдім ұзын қайың құлағанын», «Қараңғы түнде тау қалғып», тағы басқа көптеген Абай атамыздың музыкалық шығармаларын қазақ халқының осы ән жанрындағы алтын сандығын толтырып қана қоймай, оған ерекше серпінді әуез, бай мазмұн, жаңа ырғақ, түр беріп, ұлттық музыкамыздың шығар биігін аспандата түсті. Іс-шараға 80 нен аса оқушы қатысты.

«Абай нұры» өнерлі жастар клубының жетекшісі, абайтанушы, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, – “Абайтану” бағдарламасының авторы Алмахан Мұхаметқалиқызы 8-10 сынып оқушыларына дəріс оқыды. Абайтану туралы кіріспе сөзден кейін, Абайтанудың мектеп бағдарламасында оқылуын үш кезеңге бөліп қарайтынын баса айтты. Оқушылардың жас ерекшелігіне қарай, “Бала-Абай”, “Ақын – Абай”, “Хакім – Абай” туралы кезеңдерін түсіндірді. Іс-шараға 150 ден аса оқушы қатысты.


Ұлы ақынымыз – Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы қарсаңында Қазақстан Республикасының сенаты депутаты- Дана Нұржігіт мектебіміздегі “Абай мұражайымен” танысып шықты. Мұражай меңгерушісі: Алмахан Мұхаммедқалиқызы қонағымызға мұражайдың атқарып жатқан жұмысымен, жәдігерлермен, “Абай нұры” клубының жоспарларымен бөлісті. 120 дан астам оқушы қатысты.

«Абайдың сүйікті ойыны – тоғызқұмалақ» атты Абайтанушылар мен оқушылар арасында қалалық шеберлік сайысы өтті. Мұндағы мақсат – Абайдың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында бұрын-соңды болмаған Абайға тікелей қатысты ұлттық ойынның мемлекет деңгейінде құндылығын арттырып, тойда арнайы Республикалық тоғызқұмалақ сайысын өткізуге ықпал ету.
Тоғызқұмалақ ойынын дәстүрге айналдырып, Республикалық спорт комитеттерімен бірлесе отырып кеңінен дамыта түсуге ниет қойды.

Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының “Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназия” КММ-де Қазақтың ұлы ойшылы, бас ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл мерейтойына орай, ақынның ғибратқа толы, ауқымды мұрасын өскелең ұрпаққа дәріптеу мақсатында «Абайтану» ғылыми-танымдық орталығы ашылды.

Нұр – Сұлтан қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының өлеңдерін насихаттаушы Даниал Сабырұлы Әнесовпен «Абай сағаты» атты 8-11 сынып оқушыларының қатысуымен кездесу өтті. Аталған «Абай сағатына» Қазақстан Респуликасы Білім және ғылым министрлігінің Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық ғылым Академиясының өкілдері, қала мектептерінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері қатысты.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Абай академиясы» ғылыми- зерттеу институты, қазақ әдебиеті кафедрасы және Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасымен ұйымдастырылған «Абай мұрасын талдаудағы жаңа ұстанымдар» атты ғылыми семинар өтті. Семинарға Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры, ҚР ҰҒА академигі Д.Қамзабекұлы мен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Абай академиясы» ғылыми-зерттеу институтының директоры Е.Сайлаубай және Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері Ж. Сейдахметқызы қатысты.