Нұр-Сұлтан қалалық Білім басқармасы №5 мектеп-гимназиясының 10- сынып оқушысы Савченко Никольді ерлігі үшің алғыс хатпен марапаттады.

2019 жылдың 12 ақпанында тұрғын үйлердің бірі өрт құшты. Бұл үйде Қызыл Ай волонтері 16 жастағы ержүрек қыз Николь тұратын еді. Николь пәтеріне қоңырау шалып, ішінде қалған әжесіне пәтерден шықпауға, сүлгіні сулап, тесіктерді жабуға нұсқау береді.

Николь күйікке шалдыққан тұрғындарға, сондай-ақ, жақындарын эвакуациялауды күтіп тұрған жандарға психоәлеуметтік қолдау көрсетеді. Николь өте сыпайы, мейірімді әрі жауапкершілігі жоғары қыз. Кімге болса да, әрдайым көмекке келуге дайын. Ол Қызыл Айда үйренген алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларымен мектебінде бөлісіп тұрады.

Біз Никольді мақтан тұтамыз!!!!