“Сарыға таста” экологиялық мәдениетін дамытуға арналған акциясы

2020 жылғы 15 сәуірде Хан Шатыр сауда-ойын-сауық орталығында Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, Оператор РОП ЖШС қолдауымен “Сарыға таста” қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап жинау экологиялық мәдениетін дамытуға арналған акциясы өтті. Акция қонақтары Швеция елшісі, Финляндия вице-елшісі, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің өкілдері, Оператор РОП және тағы басқалар.

Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқарма басшысының м.а. Ш.М.Қадырова өз сөзінде өсіп келе жатқан ұрпақтың бойында экологиялық тәрбие мен экологиялық білім беру, табиғатты аялап, оны қорғау бүгінгі күннің өзекті мәселесі екенін атап өтті.
Акция барысында 12 тренинг алаңдары ұйымдастырылды, онда оқушылар қосымша білім беру ұйымдары педагогтары және студент-волонтерлардың көмегімен эко-сумкалар мен эко-сувенирлер жасаудың шебер-сыныптарын көрсетті.
Сонымен қатар, квест зонасы (ҚТҚ сұрыптау жинауды түсіндіру), “Сарыға таста ” фото зонасы, “экоQRкод” викторинасы, “Бүлдіршіндер мен ата-аналар-экоблогерлер” бала бақша экопатрулі (Орталықтың келушілеріне сауалнама жүргізу, ҚТҚ сұрыптап жинауды түсндіру, экосумкаларды ілгерілету) ұйымдастырылды.

Экотрак пен ҚТҚ өңдеу әлеміне экскурсия Хан Шатырдың алдында “Жас Ұлан” РҚБ көсбасшыларының қатысуымен макулатура мен пластик жинау аталған іс-шараның бөлінбес бөлігі болды.

“Сарыға таста” экомузыкалық батлы, би экомарафоны, үздік эко-орындаушылар марафоны, “Сарыға таста” эко-айтысы қосымша білім беру ұйымдары жүйесінің би ұжымдарының финалды флеш-мобы да сәтті өтті.
Іс-шара барысында қонақтармен акция қатысушыларына алғыс хаттар табысталды.