«Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жоспарлау деңгейіндегі азаматтық бюджеті

2019 жылдың бюджеті – 76 953,8 млн.теңгені құрайды. Келесі бағдарламалар бойынша 2019 жылға арналған бюджет шығыстары:

001 «Жергілікті деңгейде білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» –аппаратты қамтуға 494,6 млн млн.теңге

003 «Жалпы білім беру» 84 мектепті қамту және сапалы орта білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге, зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған табысты азаматты қалыптастыруға 40 151,1 млн.теңге.

004 «Арнаулы бiлiм беру бағдарламалары бойынша жалпы бiлiм беру» 

– мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған 2 арнайы түзету мектеп-интернаттарын қамтуға 1 369,6 млн. теңге.

005 «Мамандандырылған Білім беру ұйымдарында дарынды балаларға жалпы білім беру» –5 Дарынды мектепті қамтуға 1 284,0 млн. теңге. Дарынды балаларды оқыту, ҚР Білім және ғылым министрлігі бекіткен бағдарламалар бойынша бейіндік пәндерді енгізу жолымен оқушыларды тереңдетіп даярлау. Жеке тұлғаның жеке қабілеттерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту және тәрбиелеу. 

007 «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік білім беру мекемелер үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алу және жеткізу» – 2 420,7 млн.теңге.

008 «Балаларға қосымша білім беру» – 11 қосымша білім беру ұйымдарын қамтуға 2 181,6 млн. теңге. Зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған табысты азаматты қалыптастыру.

009 «Республикалық маңызы бар қала, астана ауқымындағы мектеп олимпиадаларын, мектептен тыс іс – шараларды өткізу» – «Астана дарыны» КММ-н қамту 91,3млн.теңге. 

011 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары»  – басқарма аппаратына кеңсе жабдықтарын  сатып алуға 1,8 млн.теңге.

013 «Балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын зерттеу және халыққа психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсету» – 5 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларды қамтуға 105,8 млн.теңге. Мүмкіндіктері шектеулі балаларға уақтылы көмек көрсету, олардың даму ерекшеліктерін психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру, 0-18 жас аралығындағы мүмкіндіктері шектеулі балаларды есепке алу, диагноз қою, медициналық, арнайы білім беру, арнайы әлеуметтік қызметтерді алуға балалардың арнайы қажеттіліктерін анықтау. Түпкі нәтиже бойынша  медициналық, арнаулы білім беру және арнаулы әлеуметтік қызметтерді алу үшін арнайы түзету және басқа да ұйымдарға жіберілген, тексергендердің жалпы санынан 2019 жылғы  балалар үлесі -100 %.

014 «Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу» –  2 Оңалту орталықтары мен 6 түзету кабинеттерін қамту 501,0 млн. теңге. Дамуында проблемалары бар балаларға ерте жастан бастап уақытылы түзету көмегін көрсету, ата-аналарға консультациялық көмек алу. 

016 «Жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыру» – 564,6 млн. теңге

– Балалар үйін қамту;  

– “SOS KINDERDORF” Балалар ауылының балаларын қолдау;  

– патронат тәрбиешілерге берілген балаларды қамтамасыз етуге.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау.

017 «Білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысаның оқушылары мен тәрбиеленушілерін әлеуметтік қолдау» – жетім балалар мен аз қамтылған отбасы балаларының жол жүруін жеңілдікпен қамтамасыз ету түрінде әлеуметтік қолдау көрсету үшін 161,6 млн.теңге.Түпкі нәтиже бойынша мәлімделген қажеттіліктен жеңілдікті жол жүрумен қамтамасыз етілген балалардың үлесі: 2019 ж. – 100%.

019  «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік білім беру мекемелеріне жұмыстағы жоғары көрсеткіштері үшін гранттар беру» – әкімнің атынан “Қаланың үздік білім беру ұйымы” грантын беруге 27,3 млн. теңге. 

021 «Жетім баланы (жетім балаларды) және ата-аналарының қамқорынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп – ұстауға асыраушыларына ай сайынғы ақшалай қаражат төлемдері» – қамқоршыларға ай сайынғы ақшалай қаражат төлемдеріне  139,4 млн.теңге. Түпкілікті нәтиже бойынша қорғаншылардың (қамқоршылардың) қамқорлығына берілген жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар 2019 жылы -65%.

024 «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мамандар даярлау» – 11 мемлекеттік колледжді қамту 5 935,8 млн. теңге. Техникалық және кәсіптік білім алу үшін жағдай жасау арқылы жастардың әлеуметтік-экономикалық интеграциясы. Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқыған және оқуды аяқтағаннан кейін бірінші жылы жұмысқа орналасқан техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары түлектерінің үлесі – 2019ж. – 95%.

027 «Жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап алғаны үшін Қазақстан азаматтарына біржолғы ақша қаражатын төлеуге арналған төлемдер» – бала асырап алғаны үшін біржолғы төлемдерге  11,5 млн.теңге. Қазақстан азаматтары асырап алған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үлесі 2019 жылы – 5%.

029 «Әдістемелік жұмыс» – әдістемелік кабинетті қамтуға 173,9 млн. теңге.

034 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету» – 4 балабақшаны (3 санаториялық, 1 арнайы) қамтуға 491,4  млн.теңге. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың санаториялық ұйымдарында тәрбиеленетін балалар саны-560 бала, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың арнайы ұйымдарында тәрбиеленетін балалар саны-170 бала.

Түпкілікті нәтиже бойынша санаториялық және арнайы білім беру ұйымдарында мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған балалардың үлесі 2019 жылы – 100%.

035 «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың Бағдарламасы шеңберінде қала объектілерін жөндеу» –білім беру ұйымдарында ағымдағы жөндеу жүргізуге   62,1 млн.теңге. 

036 «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыру» – 90 мемлекеттік балабақшада, 40 шағын орталықта және 214 жеке балабақшада мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға 14 460,8 млн. теңге. Жаңартылған қамтумен мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған 3-6 жастағы балалар саны-49624. 3-6 жастағы балалар үлесі 2019 жылы – 98,4 %.

037 «Әлеуметтік оңалту» –кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында қамту 55,6 млн.теңге.

038 «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламасы шеңберінде кадрлардың біліктілігін арттыру, даярлау және қайта даярлау» – студенттерді оқытуға 1 558,5 млн. теңге. Түпкі нәтиже бойынша нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік Бағдарламасы бойынша оқыған ТжКБ оқу орындарының жұмысқа орналастырылған түлектерінің үлесі – 2019ж. – 94%.

057 «Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандар даярлау және білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету» – 586,0 млн. теңге. Жастардың еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды игеруі үшін жағдай жасау. 

067 «Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары» – 3 585,0 млн.теңге,

108 «Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалардың,  оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларды, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу» – 8,9 млн. теңге.