«Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» ММ бос лауазымға конкурс жариялайды

«Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» ММ бос басшылық лауазымға конкурс жариялайды:

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Білім беруді жаңғырту орталығы» МКҚК директоры (мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, есіл ауданы, Е 246 көшесі, 3 ғимарат).

Лауазымдық айлықақысы атқарған еңбек өтіліне байланысты – 132 130 теңгеден 157 680-ге дейін).

 

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім, ғылыми немесе академиялық дәрежесінің болуы, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 7 жыл.

 

Лауазымдық міндеттері: Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес орталық (кабинет) қызметінің барлық бағыттарына жалпы басшылық жасауды жүзеге асырады. Орталықты (кабинет) басқару құрылымын, штаттық кестені белгілеп, бекітеді.

Орталықтың (кабинет) стратегиясын, даму мақсаты мен міндеттерін белгілейді, даму бағдарламаларының, ішкі тәртіп ережелерінің әзірленуін, бекітілуін және орындалуын ұйымдастырады. Бюджеттік қаржыны оңтайлы пайдалануды қамтамасыз етеді. Заңнамамен белгіленген шекте орталықтың (кабинет) мүлкіне және қаржысына иелік етеді. Оқу-материалдық базаның есепке алынуын, сақталуын және толығуын қамтамасыз етеді.

Республикадағы және шетелдегі қоғамдық ұйымдардың (қауымдастықтар, кеңестер және т.б.) өзара әрекеттесуін ұйымдастырады.

Ғылыми-педагогикалық және тәрбие процесін тиісті деңгейде қамтамасыз етуші кадрларды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады. Қызметкерлердің лауазымдық міндеттерін белгілейді, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды. Қызметкерлердің творчестволық бастамашылдығын марапаттайды және ынталандырады.

Орталықтың (кабинет) ғылыми-әдістемелік кеңесінің жұмысына басшылық жасайды. Қажетті есептілікті дайындап, жіберуді қамтамасыз етеді.

 

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, “Білім туралы”, “Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы”, “Қазақстан Республикасындағы балалар құқығы туралы”, “Сыбайлас жемқорлық қарсы іс қимыл туралы” Қазақстан Республикасының заңдарын және білім берудің даму бағыттары мен перспективасын белгілеуші басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика және психология негіздерін, білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарттарын, педагогика, педагогикалық психология, педагогикалық ғылым мен практика жетістіктерін, қаржылық-шаруашылық қызмет, еңбек туралы заңнамалар негізін, еңбек қорғау ережелері мен нормаларын, қауіпсіздік және өрт қауіпсіздігі техникасын, санитарлық ережелер мен нормаларды.

 

Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы                  13 шілдедегі № 338 бұйрығымен бекітілген, педагог қызметкерлер және оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары және ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1017 бұйрығымен бекітілген, Азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығы негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысуға тілек білдірген азаматтар конкурстық комиссияға келесі құжаттарды тапсырады:

1) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақ (нақты тұратын мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) еркін түрде баяндалған өмірбаян;

7) түйіндеме;

8) “Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама ұсынады.

Конкурсқа қатысу үшін ұсынылған құжаттардың көшірмесі нотариалды немесе жұмыс орнының кадр қызметімен куәландырылады.

Азаматтар білімі, жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейі туралы қосымша ақпараттарды (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсыныстар, ғылыми басылымдар және т.б.) тапсыра алады.
Конкурс құжаттарын қабылдау конкурсты өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 15 күнтізбелік күн бойы жүргізіледі. Конкурсқа қатысуға жіберілген кандидаттар «Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінде белгіленген тәртіпте әңгімелесуден өтеді.

 

Конкурстың өткізілу орны «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» ММ.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды мына мекен-жайға тапсыру қажет: индекс 010000, Нұр-Сұлтан қаласы,  Бейбітшілік көшесі, 11-үй, «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» ММ № 722 А кабинет. Анықтама телефондары: 55 68 55, 55 68 57, 55 67 56.