Астана қаласы әкімдігінің «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық  сүйемелдеу  орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта құру туралы

 

Астана қаласы әкімдігінің
«Астана дарыны» дарындылықты
дамыту және психологиялық  сүйемелдеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта құру туралы

Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің 45, 46-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңы 134-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Астана қаласы әкімдігінің «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (бұдан әрі – Кәсіпорын) біріктіру жолымен қайта құрылсын.
2. Кәсіпорынның Жарғысы қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда бекiтiлсiн.
3. «Астана қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте тапсыру актісін бекітсін.
4. Кәсіпорын басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде заңды тұлғаны әділет органдарында қайта тіркеуді жүргізсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Б.М. Мәкенге жүктелсін.

 

Әкім А. Көлгінов

 

Әкімнің орынбасары Б. Мәкен
«Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің
аппараты» мемлекеттік
мекемесі мемлекеттік-құқықтық
бөлімінің басшысы Ж. Шәукентаев

«Нұр-Сұлтан қаласының
Активтер және мемлекеттік
сатып алу басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы Е. Өтебаев

«Нұр-Сұлтан қаласының
Стратегиялық және бюджеттік
жоспарлау басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы Қ. Маңқараев

«Нұр-Сұлтан қаласының
Білім басқармасы»
мемлекеттік мекемесі басшысының
міндетін атқарушы Ш. Қадырова