ХАБАРЛАНДЫРУ Нұр-Сұлтан қаласының жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурс

«Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 011111, Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі 11, 2020 жылғы 1 сәуірден бастап жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарында тәрбиеленушілерді, сондай-ақ білім алу қажеттілігі ерекше және жеке мүмкіндіктері бар балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға 1000 орынға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурс жариялайды.

Конкурсқа өтінімді әлеуетті өнім берушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері (тиісті үлгіде ресімделген сенімхат болса) конкурс ұйымдастырушысының кеңсесіне немесе тапсырыс беретін пошталық байланысты пайдаланып: «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 011111, Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі 11 мекенжайы бойынша, телефон: 55-68-74, 119 кабинетке, әрбір жұмыс күні сағат 08-30-дан 16-00-ге дейін, 2019 жылғы 24 желтоқсан мен 2020 жылғы 16 қаңтарға дейін ұсынады.

Конкурсқа қатысуға өтінімді ресімдеуге және әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конверттерді ұсынуына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығымен бекітілген Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларында көзделген (осы хабарландыруға № 1 қосымша).

№ 1 қосымша