Қол күрестен қалалық жарыс

2019 жылғы 5 желтоқсанда 2019-2020 оқу жылындағы Нұр-Сұлтан қаласының техникалық және кәсіптік білім беру студенттеріне арналған “Ынта” спартакиадасы бағдарламасына сәйкес және Жоғары көлік және коммуникация колледжінің 75 жылдығына арналған спорттық жарыс өтті.

«Армрестлинг» ағылшын тілінен аударғанда “қол”, “күрес” мағынасын білдіреді. Спорттың бұл түрінде: қатысушылар үстелге шынтақты қоя отырып, қарсыласымен бір-бірінің қолын қысып, үстелдің бетіне құлатуға тырысады. Армрестлинг – демократиялық спорт түрлерінің бірі, кім күшті екендігін анықтауға мүмкіндік береді. Онда ешқашан тең есеппен аяқталмайды. Тек жеңімпазы және жеңілуші болады.

Жарысты Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты, колледж директоры Гаипов Зулфухар Сұлтанұлы және “Шығыс” балалар-жасөспірімдер орталығының директоры Тяженов Нұрлан Искандерович ашты.

Жарыс жеке есепте WAF ережелері бойынша екі жеңілістен кейін шығып қалу арқылы өтті. Салмақ дәрежелері: 50 кг, 55 кг, 60 кг, 65 кг, 70 кг, 75 кг, 75+ кг. Жарысқа Нұр-Сұлтан қаласы колледждерінен 19 команда қатысты, әр команда спортшылары 7 салмақ дәрежесі бойынша сайысқа түсті.

Жекелей есепте 60 келі салмақ дәрежесінде 1 орынды 3ОЭО-217 тобының студенті Алпысбай Амангелді, 65 кг – 3ЭТС-117 тобының студенті Удачин Кирилл, 75 кг – 3Д-117 тобының студенті Оспанов Ренат иеленді.

Жарыс қорытындысы: І орын – Жоғары политехникалық колледжі, ІІ орын – Жоғары көлік және коммуникация колледжі, ІІІ орын- Кәсіби-техникалық колледжі, ІV орын – Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі иеленді. Жүлделі орындарға ие болған спортшылар медальдар және мақтау дипломдары, ал жеңімпаз командалар кубоктар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

“Шығыс” балалар-жасөспірімдер орталығының әдіскері Садық Ықыласұлы Аяшев осы іс-шараны ұйымдастырғаны үшін колледж ұжымына зор алғысын білдірді. Спартакиадаға қатысушыларды құттықтап, сәттілік пен үлкен жеңістер тіледі.

Кафедра меңгерушісі Б. Қ. Мырзағалиев