«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»

Нұр-Сұлтан қаласында Білім және Ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру-табысты білімге жаңа қадам» тақырыбында І республикалық конференция өтті. Конференцияда Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры З.Е. Қабылдинов «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан ауқымды жобаларымен бөлісті, Б.Сүлейменов атындағы шығыстану институты директорының орынбасары М.Қ. Әбусеитова, «Ұлы даланың тарихы мен мәдениеті бойынша шетелдік мұрағаттартардағы қорлар» туралы архив ісін жандандырудың мағыздылығы жайында мазмұнды баяндама жасады. Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Алтынбек Нұхұлы «Рухани жаңңыру» бағдарламасы аясында аймақта атқарылған іс-шаралар мен жобалармен бөлісті. Атап айтсақ: Сұлтанбет сұлтан мен Мұса Шорманұлына арналған кесене, мұражай салынып, аймақтың тарихынан сыр шертетін қысқа метражды кинолар шығарылып, аймақтың тарихи көркем жерлерінде туризмді дамытуға бағытталған кешенді жүргізіліп жатқан жұмыстарымен бөлісті. Конференцияға қатысқан А.Қ. Хикметов, Н.Әшім, Л.А. Саинова, М.Е. Таубалдиевтар да негізді баяндама жасады. «Рухани жаңғыру-табысты білімге жаңа қадам» атты республикалық конференция бағдарламаның қазақ тарихы мен қоғамның рухани құндылықтарының дамуына зор үлес қосатындығын тағы бір дәлелдегендей.