ҰЛДАР КОМАНДАСЫНДАҒЫ ЖАЛҒЫЗ ҚЫЗ БАЛА

Нұр-Сұлтан қаласындағы №76 мектеп-лицейінің 2-сынып оқушысы Ихсана Мадиярқызы – Барыс хоккей клубы Ұлдар командасы құрамындағы жалғыз қыз бала. Хоккеймен 5 жасынан бастап айналысатын кішкентай ғана жұлдызымыз аталмыш клуб сабында 3 жылдан бері өнер көрсетеді.

Алдыңғы қатарлы ойыншылардан қалыспай жүрген Ихсана өткен жылы Канада елінен келген Хоккей федерациясы елшісімен кездесті. Анасының айтуынша, қызының хоккейге қызығушылығы отбасымен бірге ҚХЛ шеберлік ойындарын тамашалағаннан соң пайда болған. Кейін барыстықтар қабылдау жүргізгенде ойланбастан құжат тапсырған. Алғашқы жаттығулардан-ақ бапкер қыз баланың ерекше дарыны барын анықтаған.

Алдағы уақытта Ихсана түрлі додаларда үлкен табысқа жетеді деп сенеміз.